Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Англия 24 ақпаннан бастап COVID-19 кезінде өзін-өзі оқшаулауды сақтау туралы міндетті талапты алып тастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Бүгінгі стратегия біздің Англиядағы өміріміздің қалай ұйымдастырылатыны туралы. Біріншіден, біз қалған барлық ішкі шектеулерді алып тастаймыз. Осы бейсенбіде, 24 ақпанда, біз COVID-19 үшін оң тестілеуден кейін өзін-өзі оқшаулау туралы міндетті талапты алып тастаймыз, – деді Джонсон парламентте сөйлеген сөзінде.