Әнел Ташбай жасөспірімдер Олимпиадасында велоспорттан жетінші орын алды

Қазақстандық спортшы топтық жарыстағы қашықтықты 1 сағат 31 минут 19 секундта еңсерді.

 ҚР ҰОК 8 Қараша 2026, 20:56
8 Қараша 2026, 20:56
149
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының тасжолдағы велоспорт өкілі Әнел Ташбай Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында топтық жарыста жетінші орын алды.

Спортшы қашықтықты 1 сағат 31 минут 19 секундта еңсерді. Жарыста Ресей өкілі Ангелина Новолодская жеңіске жетті. Күміс жүлдені австралиялық Элси Аппс, қола медальді чехиялық велошабандоз Линда Ситкова иеленді.

Айта кетейік, алғашқы 20 қатысушы мәреге бірдей уақытта жеткен. Сондықтан қорытынды орындар спортшылардың мәрені кесіп өту ретіне қарай анықталды.

Наверх