Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігі, "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы және "Отандастар қоры" ұйымдастыруымен шетелдегі қазақ диаспорасының балаларына арналған "Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім" атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша халықаралық олимпиадасын жариялайды.
Коронавирустық инфекцияның салдарынан ел ішіндегі шектеу шараларын күшейтуге байланысты, сондай-ақ оқушылардың жаппай жиналуын болдырмау мақсатында олимпиада қашықтан өткізілетін болады.⠀
Олимпиаданың мақсаты:
⠀
- Шетелде тұратын қазақ диаспорасының дарынды балаларын анықтау және оларға әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсету;
⠀
- Олардың қазақ тілі мен әдебиетіне, туған елінің тарихы мен өз мәдениетіне деген қызығушылықтарын арттыру;
⠀
- Олардың Қазақстан Республикасында жоғары білім алуына мүмкіндіктер жасап, қолдау көрсету;
⠀
Олимпиадаға кім қатыса алады:
⠀
- Алыс және жақын шетелдердің білім беру ұйымдарының 8-11(12) сыныптарының қазақ диаспорасының оқушылары.
⠀
Олимпиаданың өту барысы:
⠀
- Өту уақыты: 2020 жылғы 22-26 маусым аралығы;
⠀
- www.daryn.kz сайтында қашықтан 2 тур бойынша:
⠀
- 1 тур – Эссе (берілген тақырып бойынша шығарма жазу);
⠀
- 2 тур – Шығармашылық ("Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім" тақырыбына үй тапсырмасы музыка, театр, поэзия, кескіндеме және т. б. құралдарымен ерекше түрде).
⠀
- Сондай-ақ қатысушылардың екі тур бойынша жұмыстарын а. ж. 1-15 маусым аралығында мына эл.почта m.bidauletova@daryn.kz арқылы қабылдаймыз.
⠀
Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау:
⠀
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Білім және ғылым министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен және "Дарын" РҒПО грамоталарымен марапатталады.
⠀
Олимпиада қатысушыларының сертификаттары және жеңімпаздар мен жүлдегерлерінің дипломдары қатысушының электрондық поштасына жіберіледі.
⠀
Барлық ақпарат www.daryn.kz, www.oq.gov.kz сайттарында және әлеуметтік желілерге жарияланатын болады.