Қамауға алынған дәрігер бостандыққа шықты

25 Қыркүйек 2019, 17:52
2684
Бөлісу:
Қамауға алынған дәрігер бостандыққа шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. №4 қалалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаевты ешқайда шықпау туралы қолхатпен бостандыққа шығарды. Бұл туралы оның адвокаты Қайрат Байбазаров айтты. 

Алматыда №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев қамауға алынған болатын. Екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын №2 мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қолданған болатын. 25 қыркүйек күні дәрігердің адвокаты сот шешіміне шағымданып, бұрынғы қаулы күшін жойды.  

«Қанат Тезекбаевтың өзі аппеляцияны қарастырғанда қатыспады. Оны уақытша ұстау изоляторынан жақында шығарады», - деді Байбазаров.

Оған медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы бойынша айып тағылған болатын.

Ол Алматы полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевтың ұлы қайтыс болған соң тергеуге алынған болатын. 

Естеріңізе сала кетейік, президент Алматыдағы №4 қалалық аурухананың бас дәрігері және анестезиологының тұтқындалуына қатысты істі заңға сәйкес тексеруді тапсырған еді. 


Өзгелердің жаңалығы