Астана, BAQ.KZ. Егер баланың анасы жұмыс істемесе, оған бала туғаннан кейін жәрдемақы тағайындалады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аналардың бала туғаннан кейінгі алатын жәрдемақылары:
- бала туғанда берілетін бірреттік мемлекеттік жәрдемақы, көлемі: бірінші балаға, екінші балаға, үшінші балаға - 95 950 теңге, төртінші және одан да көп –159 075 тенге,
2018 жылы осындай жәрдемақы 395 мың адам алды. Соңғы 3 жылда бұл жәрдемақының көлемі 38% өсті. 2019 жылы осы жәрдемақыны төлеуге 42 млрд. теңге қарастырылды;
-ай сайын төленетін 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы; кезек ретіне орай ай сайын берілетін жәрдемақы көлемі 14 544 теңгеден 22 473 теңгені құрады.
2018 жылдың қортындысы бойынша, 30 млрд теңге көлеміндегі бұл жәрдемақыны 125 мың адам алды. Соңғы 3 жылда жәрдемақының көлемі 19% өсті.
2019 жылы бұл жәрдемақыны төлеуге 34 млрд. теңге қарастырылған.
Төлемақыны тағайындау үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет, сондай-ақ, Үкіметтің электронды порталы рақылы да рәсімдеуге болады.
Онымен қоса, 2018 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бала туу бойынша жаңа қызмет түрі енгізілді. Енді азаматтар жолға, ұзын-сонар кезекке уақытын кетірмей, құжаттарын жинап жүрмей-ақ жәрдемақыны 5 минуттың ішінде sms хабарлама арқылы рәсімдей алады, хабарлама ананың ұялы телефонына келіп түседі.