Үкімет
-
Үкімет СҚО-дағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға 1,4 млрд теңге бөлді
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Тепличное ауылындағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға Үкімет резервінен шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Жұмыстар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқынына қарсы құрылыстарды нығайту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.11.2025
-
Швейцариялық компания Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне $700 млн-нан астам инвестиция салады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде салаға инвестициялар тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01.11.2025
-
Зейнетақы ақшасы енді акциялар мен бағалы қағаздарға салынады
Қазақстан Үкіметі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) зейнетақы активтерін инвестициялауға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімін кеңейтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
31.10.2025
-
Бектенов: Үкімет инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетеді
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов жаһандық инвестициялар жөніндегі VIII қазақстандық дөңгелек үстелге (KGIR-2025) қатысушылармен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
31.10.2025
-
Су басу қаупі бар 1200-ден астам елді мекен анықталды
Қанат Бозымбаев өңірлердің қысқы маусымға дайындығын және көктемгі су тасқыны қаупі жоғары кезеңге қатысты қабылданып жатқан шараларды тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.10.2025
-
Инвестиция тарту: Бектенов әкімдерге ескерту жасады
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты халыққа Жолдауында берілген экономикаға инвестиция тарту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.10.2025
-
Қазақстан 2029 жылға қарай ЖІӨ көлемін екі есе арттыруды көздейді
Қазақстан 2029 жылға қарай жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемін 450 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайтып, кемінде 150 млрд доллар көлемінде инвестиция тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29.10.2025
-
Қазақстан экономикасы тұрақты өсім қарқынын сақтап келеді
Биылғы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша еліміздің экономикасы 6,3% өсім көрсетті. Бұл көрсеткіш жыл басындағы деңгейден 2,3 пайыздық тармаққа жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29.10.2025
-
2029 жылға дейін Қазақстанның энергетика жүйесі қалай дамиды
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында елдің энергетикалық жүйесінің штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын және 2035 жылға дейін қосымша 26 ГВт жаңа генерациялау қуаттарын енгізу жоспары белсенді жүзеге асырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
28.10.2025
-
Жаңа жобалар мен көрсеткіштердің артуы: көлік жүйесінің дамуы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік инфрақұрылымын жаңғырту және еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде логистика жүйесінің тиімділігін арттыруға, өңірлердегі көлік байланысын жақсартуға және орнықты экономикалық өсім үшін жағдай жасауға бағытталған шаралар кешені жүзеге асырылуда.
28.10.2025
-
Пентагон аты-жөні жарияланбаған донордан 130 млн доллар көмек алды
АҚШ-та үкімет жұмысының тоқтауына (шатдаун) байланысты Пентагон өз қызметін қолдау үшін 130 миллион доллар көлемінде анонимді қайырымдылық қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
26.10.2025
-
Қазақстанда Республика күніне орай 200-ге жуық өнеркәсіп нысандары ашылды
Республика күніне орай Қазақстанда 200-ге жуық жаңа әлеуметтік маңызы бар және өнеркәсіптік нысандар ашылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25.10.2025
-
Ақтөбедегі жол апаты: Қанат Бозымбаев Үкіметтік комиссияға тапсырма берді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы маңында болған жол-көлік оқиғасының себептерін тергеп-тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшелеріне тапсырмалар берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.10.2025
-
Ақтөбе облысындағы жол апатының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды
Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23.10.2025
-
Қайтарылған активтер: Қарағанды облысында 51 медициналық нысан салынды
Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қарағанды облысында медициналық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өңірдің жеті ауданында 51 медициналық нысан, атап айтқанда фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар және медициналық пункттер салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23.10.2025
-
Президент тапсырмасы: өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру, жоғары деңгейлі қайта өңдеуге ерекше назар аударылуда
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканы әртараптандыру және өнеркәсіп секторларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде қолданыстағы өндірістерді жаңғырту және жаңа өндіріс орындарын құру, сондай-ақ салаға белсенді түрде инвестициялар тарту жөнінде бірқатар шара қабылдады. Аталған тақырыптарда Primeminister.kz сайты шолу жариялады.
23.10.2025
-
"Дағдарыс болмайды": Үкімет экономиканы қорғаудың жаңа тетіктерін атады
Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілісте өткен брифингте елде дағдарыс бола ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.10.2025
-
Инфляция 2027-2028 жылдары 6%-ға дейін төмендейді – Жұманғарин
Қазақстан алдағы үш жылда тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.10.2025
-
Шағын бизнес алдағы үш жылда тексеруден босатылады
Үкімет жаңа Салық кодексіне біртіндеп көшу мақсатында шағын және микробизнес өкілдеріне қатысты алдыңғы жылдардағы салық тексерістерінен бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.10.2025
-
Мөлшерлеме өсті, ипотека қымбаттай ма?
Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені арттыру туралы шешімі қазақстандықтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігіне қалай ықпал ететіні Мәжіліс депутаттарын алаңдатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.10.2025