22 Қазан 2025, 16:00
Фото: gov.kz
Шағын бизнес алдағы үш жылда тексеруден босатылады
Үкімет жаңа Салық кодексіне біртіндеп көшу мақсатында шағын және микробизнес өкілдеріне қатысты алдыңғы жылдардағы салық тексерістерінен бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үкімет жаңа Салық кодексіне біртіндеп көшу мақсатында шағын және микробизнес өкілдеріне қатысты алдыңғы жылдардағы салық тексерістерінен бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл қадам кәсіпкерлерге жаңа ережелерге бейімделуге мүмкіндік береді.
Біз 1 қаңтардан бастап жаңа өмірді таза парақтан бастаймыз. 2023, 2024 және 2025 жылдарға тексеріс жүргізілмейді. Шағын бизнес үшін бұл – үш жылдық талап қою мерзіміне тең уақыт. Сондай-ақ камералдық тексерістер, есептіліктерді салыстыру немесе басқа дереккөздермен сәйкестендіру шаралары да жасалмайды. Бірақ бір ерекшелігі бар – резидент еместердің табыстары бұл тәртіпке кірмейді, – деді Біржанов Мәжіліс кулуарында.
Сонымен бірге тексерістер тек:
егер қылмыстық іс қозғалған болса;
немесе салық төлеушінің өзі тексеру жүргізуді сұраған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
- Тауда адасқан туристерге арналған авариялық қор жәшіктері орнатылуда 21:45
- Жексенбіде бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды 21:12
- «ҰБТ-ны сіздің орныңызға тапсырамыз»: талапкерлерге маңызды ескерту жасалды 20:55
- Алматыда LRT құрылысына байланысты Төле би көшесінің бір бөлігі түнде жабылады 20:14
- Қарағанды облысындағы табиғи өртті 200 адам сөндіріп жатыр 19:52
- ШҚО-да сырттан келген екі адамнан психотроптық зат салынған 34 орама табылды 19:06
- Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қалай өнер көрсетті? 18:48