Тараз
-
Тараз гарнизонында даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлына ескерткіш ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған құрамасында Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлына ескерткіш ашылды. Салтанатты рәсімге Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасө қызметі.
05.03.2022
-
Қорғаныс министрі Тараз гарнизонындағы әскери бөлімдерді тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов басшылық еткен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы Тараз гарнизонына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
04.03.2022
-
Тараздағы кафелердің бірінде белгісіз біреулер оқ атты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға Абай даңғылында орналасқан "Discovery" кафесінде болған.
26.02.2022
-
Тараз қаласында 31 кәсіпкерлік нысаны зардап шекті
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Биылғы 5 қаңтар күні Тараз қаласында жаппай тәртіпсіздік басталған сәттен Жамбыл облыстық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы барлық бұқаралық ақпарат құралдары беттеріне, телеарналарға белсенді түрде хабарлама таратып, бизнеспен, Қазақстан халқымен бірге екендерін көрсетті. Жедел байланыс орталықтарын іске қосып, жұмыс істеді.
28.01.2022
-
Таразда арықтың ішінен қару-жарақ табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда арықтың ішінен қару-жарақ табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
24.01.2022
-
Тараздық полицейлер қала аумағынан 52 бірлік қару тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласының полицейлері қару-жарақ пен оқ-дәрілерді іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
22.01.2022
-
Тараздағы 29 кәсіпкерлік нысаны 190 млн теңгеге жуық шығынға ұшыраған
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы төтенше жағдай режімі кезінде енгізілген шектеулерге байланысты, бизнес өкілдерінің өтініштеріне қарай консультациялық-түсіндіру жұмыстарын жүргізе бастады.
14.01.2022
-
Тараз қаласындағы бүгінгі ахуал
Тараз. BAQ.KZ тілшісі. Республикадағы секілді, Тараз қаласында да жалпы білім беретін мектептердің оқушыларының демалысы 17 қаңтарға дейін созылды. Ал балабақшалар бүгіннен бастап штаттық режімде жұмыстарын жалғастыруда.
11.01.2022
-
Алматы, Қызылорда, Талдықорған, Тараздағы террористер басып алған барлық әкімшілік нысан босатылды – ҰҚК
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы ахуал тұрақтанды және бақылауға алынды.
10.01.2022
-
Тараздағы қоғамдық қауіпсіздікті әскерилер күзетіп тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараздағы қоғамдық қауіпсіздікті күзетуге әскерилер атсалысуда. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімшелері төтенше шараларын қамтамасыз етуге атсалысып жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
09.01.2022
-
Жаңа жыл қарсаңында шырша өртенді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда жаңа жылдық шырша өртке оранды. Мереке қарсаңында орталыққа жиналған жұрт қызыл жалынды видеоға түсіріп алған.
01.01.2022
-
Таразда халықаралық деңгейде салбурын өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысы Тараз қаласының маңында қазақы тазы иттердің арасында халықаралық деңгейде салбурын өтеді.
29.12.2021
-
«Көне тараз» бен «Қарахан баба» кесенесін біріктіретін туристік аймақ ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тараз қаласында «Көне тараз» бен «Қарахан баба» кесенесін біріктіретін туристік аймақ ашылады.
14.12.2021
-
Ұландықтар 8 жасар қызды құтқарып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 желтоқсан күні сағат 17:40 кезінде Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінің сарбаздары Тараз қаласындағы 1 шағынауданға қарасты үйдің маңынан өтіп бара жатып, 5-қабаттағы пәтердің балконынан секіргелі тұрған қыз баланы көреді.
10.12.2021
-
Таразда ұландықтар 8 жасар қызды құтқарып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінің сарбаздары Тараз қаласындағы 1 шағынауданға қарасты 7 үйдің маңынан өтіп бара жатып, 5-қабаттағы пәтердің балконынан секіргелі тұрған қыз баланы көреді.
09.12.2021
-
Таразда мүгедектігі бар адамдарға арналған «инватакси» көліктерінің саны артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мамыр бағындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Асар» оңалту орталығында болып, «Шапағат» корпоративті қорына мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасуға арналған «инватакси» автокөліктерін табыстау рәсіміне қатысты.
06.12.2021
-
Таразда «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 7 отбасы баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен өңірде «Асарлатып үй салу» жобасы өткен жылдан бері қызу қолға алынып, көптеген мұқтаж отбасылар баспаналы болуда, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.
06.12.2021
-
Сапарбаев дауылдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын аралап, 17-18 қараша күндері болған дауылдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді.
24.11.2021
-
«Түрленген Тараз» республикалық фото-байқауы аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда қала әкімінің қолдауымен «Түрленген Тараз» республикалық фото-видео, мобилография шеберлерінің байқауы өтті.
23.11.2021
-
Мектептерде қалпына келтіру жұмыстары мердігерлер есебінен жүруі керек – Сапарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте 17-18 қараша күндері облыс аумағында орын алған қатты дауылдың салдарын жою мәселелері қаралды.
22.11.2021