«Түрленген Тараз» республикалық фото-байқауы аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда қала әкімінің қолдауымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Түрленген Тараз» республикалық фото-видео, мобилография шеберлерінің байқауы өтті.

Шаһардың көз тартатын сұлулығын объективке сыйдырған кіл шеберлер байқауға «Үздік мобилограф», «Үздік дрон түсіруші», «Үздік фотограф» бағыты бойынша 15 номинацияда дайындаған материалдарын жолдаған. 

Ал жеңімпаздарды марапаттау рәсімі «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі облыстық тарихи-өлкетану музейінде өтті. 

Жалпы байқауға қатысқан 46 адамның ішінен 15 қатысушы оза шауып, әр номинация бойынша үздік атанды. 

Олардың әрқайсысы күн санап көркейіп, жаңа кейіпке енген Тараз қаласының бүгінгі кескін-келбетін фото-видео материалдар арқылы барынша әсерлі көрсете білген. 

Сондай-ақ  байқауды ұйымдастыруға белсенді атсалысқаны үшін облыстық «ARAI» жастар газетінің фототілшісі Алтынбек Қартабай, Дулат Шиқпанбетов, Азат Байтемиров, Бақытбек Суанбеков сынды сала мамандары Қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

«Үздік мобилографтар»

«Шұғыла» номинациясы - Серік Елнұр Бақытжанұлы
«Ұшпалы сурет» номинациясы - Алтынбай Эльбрус Шыңғысұлы
«Үздік силуэт» номинациясы - Ысқақ Нарұл Маратұлы
«Үздік бейне монтаж» номинациясы - Әмірбек Тоқтар Жеңісұлы
«Үздік түсірілім» - Кудияров Нурлыбек Ержанович

«Үздік дрон түсірушілер»

«Самұрық» номинациясы - Самаликов Бауржон Курбонович
«Қырағы көз» номинациясы - Жолшыбек Асылбек Нұрболатұлы
«Үздік түсірілім» номинациясы - Бескемпір Салауат Нұрланұлы
«Мөлдір табиғат» номинациясы - Ерболатов Мейржан Мейрбекович
«Үздік бейне ролик» номинациясы - Сандыбаев Руслан Бегалиевич

«Үздік фотограф»

«Үздік репортаж»номинациясы - Ысқабай Жеңіс Жұмалыұлы
«Үздік қала пейзажы» номинациясы - Төлеубай Ардақ Досмұратұлы
«Ең әдемі көрініс» номинациясы - Шағырбай Мақсат Сапаралыұлы
«Қас қағым сәт» номинациясы - Ернұр Манапқанұлы
«Мөлдір табиғат» номинациясы - Ким Юрий Орликович

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы