Сыртқы істер министрлігі
-
Қазақстан мен Индонезия СІМ-аралық консультацияларды өткізді
Қазақстан мен Индонезия СІМ-аралық консультацияларды өткізді
Қазақстан мен Индонезияның Сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтті. Іс-шара шеңберінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық делегацияны бастаған Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Астана Джакартаны Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі саяси және экономикалық әріптестердің бірі ретінде қарастырып жатқанын атап өтіп, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және кеңейтуге мүдделілік білдірді.
Индонезия Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Абдул Кадир Джайлани екіжақты байланыстардың даму динамикасына оң баға беріп, Қазақстан Индонезияның Орталық Азиядағы маңызды серіктесі сенімділік білдірді.
Тараптар достық, өзара сыйластық және әріптестік негізінде жан-жақты өзара ықпалдастықты нығайтуға бейілділігін растады. Жоғарғы және аса жоғары деңгейлерде саяси диалогты тұрақта түрде жүргізу қажеттігі аталып өтті.
Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауданың оң нәтижелері аталып өтті, оның көлемі шамамен 300 млн АҚШ долларына жетті. Өзара тауар айналымының қазіргі деңгейі қолда бар үлкен әлеуетке жауап бермейтінін атап өтіп, дипломаттар жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін барынша күш салуға келісті. Келіссөздер барысында түрлі салалардағы нақты ұсыныстар мен жобалар талқыланды.
Тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтіп, мәдениет, білім, ғылым және спорт саласындағы байланыстарды арттыру бойынша ұсыныстармен алмасты.
Сондай-ақ, сұхбаттастар халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша ұстанымдары туралы пікір алмасып, көпжақты құрылымдар шеңберіндегі тығыз өзара іс-қимылға және екі мемлекеттің сыртқы саяси бастамаларына өзара қолдау көрсетуге бейілділігін растады.
03.04.2024
-
ҚР СІМ Сириядағы Иран елшілігінің консулдық бөліміне жасалған шабуылды айыптайды
ҚР СІМ баспасөз қызметі дипломатиялық миссиялар мен олардың қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық пен агрессия актілерінің кез келген көрінісіне жол беруге болмайды деп санайтынын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.04.2024
-
Қазақстан СІМ басшысы Қытай бизнесінің өкілдерімен кездесті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қытайға ресми сапары аясында ірі қытайлық компаниялардың басшылығымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
31.03.2024
-
Ресейдегі атыс: қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жоқ
Ресейдегі "Крокус Сити Холл"-дағы атыста қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының бар екені туралы ақпарат жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23.03.2024
-
Еліміз Хорватиямен өзара серіктестікті нығайтады
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Хорватияның Қазақстандағы елшісі Рефик Шабанович сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударып, екіжақты күн тәртібінің барлық спектрі бойынша "сағаттарын теңестірді", деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.03.2024
-
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Арменияға жұмыс сапарымен барды
Жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Армения Республикасының Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.03.2024
-
Қазақстандықтар Таиландқа 30 күнге визасыз кіре алады
Сыртқы істер министрлігі Қазақстан үкіметі және Таиланд үкіметі арасындағы визалық талаптардан босатуға арналған келісімге қол қою туралы қаулының жобасын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
13.03.2024
-
Қазақстан мен Алжир екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Джидда қаласындағы ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезектен тыс сессиясы аясында Алжир Халық Демократиялық Республикасының Сыртқы істер және шетелдегі ұлттық қоғамдастық министрі Ахмед Аттафпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
05.03.2024
-
Қазақстан СІМ басшысы Анталиядағы форум аясында бірқатар кездесу өткізді
Қазақстан СІМ басшысы III Анталия дипломатиялық форумы аясында бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.03.2024
-
СІМ: Еліміз Швейцариямен инвестициялық ынтымақтастықты дамытып келеді
Женеваға жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бірқатар швейцариялық компаниялардың басшылығымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28.02.2024
-
Қазақстан Қарусыздану жөніндегі конференцияның жоғары деңгейдегі сегментіне қатысты
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қарусыздану жөніндегі конференцияның жоғары деңгейдегі сегментіне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сәлтеме жасап.
28.02.2024
-
Белгілі қазақстандық композитордың шығармалары Вашингтонның төрінде шырқалды
Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшілігінде Вашингтонның халықаралық фортепиано өнері кеңесінің қолдауымен классикалық музыка кеші өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы істер ведомствосына сілтеме жасап.
25.02.2024
-
Үкімет басшысының бұрынғы кеңесшісі СІМ-де жаңа қызметке тағайындалды
СІМ Инвестиция комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды. Аталған қызметке бұған дейін Үкімет басшысының кеңесшісі болған Ғабидолла Оспанқұлов келгені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23.02.2024
-
Қазақстан елшісі Ирландия Президентіне сенім грамоталарын табыс етті
Қазақстанның Ирландиядағы елшісі қызметін қоса атқарушы Мағжан Ілиясов Ирландия Президенті Майкл Д. Хиггинске сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
22.02.2024
-
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қытай елшісін қабылдады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Чжан Сяоны қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
22.02.2024
-
Орталық Азиядағы көпжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері СІМ-де талқыланды
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас хатшысының жаңадан тағайындалған Арнайы өкілін – БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивті дипломатия бойынша Өңірлік орталығының (ОАПДӨО) басшысы Каха Имнадзені қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
21.02.2024
-
Мемлекет басшысы Өзбекстанның Сыртқы істер министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19.02.2024
-
Екі министр өз орындарында қалды
Мұрат Нұртілеу Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
06.02.2024
-
Қазақстан АЭХА Ядролық қауіпсіздік жөніндегі конференциясына төрағалық етеді
БҰҰ-ның Вена қ. бөлімшесінің ғимаратында ҚР халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді және Австралияның Тұрақты өкілі Йен Биггс Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АЭХА) аясында өткізілетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференциясының (ICONS-2024) дайындық мәселелеріне арналған брифинг өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
06.02.2024
-
Қазақстан мен Тәжікстан банк саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Ориенбонк» ААҚ Басқарма төрағасы Хасан Асадуллозодамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ СІМ-ге сілтеме жасап.
27.01.2024