"Ешкімді мәжбүрлемейміз". Кэмерон Қазақстанмен сауда байланысы жайлы айтты

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанды сауда-экономикалық серіктестікке шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Біз Қазақстанды немесе басқа да Орталық Азия елдерін нақты таңдау жасау керек демейміз. Ресей, Қытай (еск - нақты бір мемлекеттің) елдерін сауда серіктесі болуға мәжбүрлемейміз, бірақ бізбен де сауда байланыстарын жүргізуді сұраймыз, - деді Ұлыбритания сыртқы істер министрі.

Оның айтуынша, Ұлыбритания Орталық Азия мемлекеттерінің көп салада серіктесі болғысы келеді.

Жалпы, білім саласында, кәсіп саласын дамытуда, сондай-ақ елдеріңіздегі жастарға көбірек мүмкіндік беру мәселесінде серіктес болғымыз келеді. Сіздердің таңдауларыңыз бар, сондықтан елдеріңізге келіп отырмыз, - деді Дэвид Кэмерон.

Еске сала кетсек, Ұлыбритания министірінің сапары Қазақстанда 24-25 сәуір аралығында жоспарланған.

Бұған дейін Ұлыбритания сыртқы істер министрі екі ел арасындағы сауда серіктестік туралы айтқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы