Шымкент
-
Шымкентте өнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков мәлімдеді.
18.08.2020
-
Үйінде 1 келіден артық есірткі сақтаған шымкенттік ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттіктің пәтерінен есірткі заты табылып, тәркіленіп алынды деп хабарлайды Polisia.kz.
17.08.2020
-
Шымкентте жұқпалы аурулар ауруханасы жаңа аппаратпен толықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Емдеу мекемесіне "Sauap" белсенділер тобының атынан оттегі концентраты және пульсоксиметр құрылғысы берілді.
17.08.2020
-
Шымкентте балалары түнде қараусыз жүрген ата-аналарға 28 хаттама толтырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік шара ұйымдастырылды, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
17.08.2020
-
Шымкентте жедел жәрдем стансасының Call-орталығы жаңғыртылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында халықаралық стандарттарға сай жедел медициналық жәрдем көрсету стансасының Call-орталығы ашылды.
17.08.2020
-
Шымкентте 112 Call орталығы ашылды
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят Шымкент қаласына іссапармен келді. Ол Шымкент қаласының "Жедел медициналық жәрдем көрсету" стансасының 112 Call-орталығы жұмысын көрді.
14.08.2020
-
Шымкентте инфекцияның таралу деңгейі төмендеген - Денсаулық сақтау вице-министрі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шымкент қаласына іссапармен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят және ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова келді. Қонақтар қала әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесіп, қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайында сөйлесті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
14.08.2020
-
Түркістан: Қазақстанда тұңғыш рет Шәмші Қалдаяқов музейі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының Отырар ауданында туып-өсіп, "қазақ вальсінің королі" атанған Шәмші Қалдаяқовқа туған жерінде музей ашылды.
14.08.2020
-
Шымкентте жаңа индустриалды аймақ құрылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте "Жұлдыз" индустриалды аймағы құрылып жатыр. Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков баспасөз брифингінде осылай деді.
14.08.2020
-
Денсаулық вице-министрі іссапармен Шымкентке барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят Шымкент қаласында іс сапармен келді. Вице министр "Асар" шағын ауданындағы жұқпалы аурулар орталығының жұмысымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
14.08.2020
-
Шымкентте мың дана маска таратылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес елімізде орын алып отырған індеттің таралуын болдырмау мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
14.08.2020
-
Шымкент: 7 айда 1500-ге жуық пәтер пайдалануға берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жөнінде қалалық Құрылыс басқармасы мәлімдеді. Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша 1 416 пәтерлі 20 кредиттік тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде, 8- і– әкімшілік-іскерлік орталығында, 12-сі – Шымкент сити шағын ауданында орналасқан.
12.08.2020
-
Шымкент көшелеріне 2022 жылға дейін 100% атау беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер саласын дамыту мақсатында 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді.
12.08.2020
-
Шымкентте 79 көп қабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің көп қабатты тұрғын үйлердің қасбетін жаңарту бойынша берген тапсырмасы өз шешімін тауып жатыр. Қала әкімі Шымкент - ТМД елдерінің астанасы аясында қаланың негізгі орталық көшелеріндегі көп қабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетін жөндеуді тапсырған болатын.
11.08.2020
-
Шымкентте провизорлық стационарлардағы 80 пайыздан астам төсек-орын босады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов мәлімдеді, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
11.08.2020
-
Шымкентте "Shymkent bike" жобасы іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында үлкен магистралды көшелерге веложолақтар салынып жатыр. Жұмыстар толығымен аяқталар болса тұрғындар велосипедті қоғамдық көлік ретінде қала аумағында пайлануына мүмкіндік туады.
10.08.2020
-
Шымкентте қос өкпесі қабынған жүкті әйел жазылып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 жастағы Гүлжауһар Кунжубаева өкпесінің 80 пайызы қабынып, ауыр халде Асар шағынауданындағы жұқпалы аурулар орталығына түскен. Дәрігерлер жүкті келіншекті бірден жансақтау бөліміне жатқызады, деп хабарлайды Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы.
10.08.2020
-
Шымкент: 2021 жылы АСАР-2 шағын ауданы толығымен ауызсумен қамтылады
Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтарды онлайн қабылдау барысында айтылды. Қабылдауға жазылған қала тұрғыны Гуля Минтаева Асар-2 шағын ауданына ауыз су жүйесін тарту мәселесін қозғады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
07.08.2020
-
Әйтенов: Пандемия – көрінбейтін жау
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пандемиямен күресте белсенді атсалысып жүрген еріктілер мен қоғамдық қозғалыстардың өкілдерімен кездесті.
07.08.2020
-
Шымкентте егіс алқабынан 18 мың тоннаға жуық өнім жиналды
Шымкент қаласында биыл егістік алқабынан 15 650 тонна өнім алынды. Оның ішінде 10 450 тонна дәнді дақыл, 5 200 тонна көкөніс пен бақша өнімдері, картоптың 2100 тоннасы жиналды. Шаруалар майлы дақылдар мен малға қажетті азық дақылдарын, картоптың қалған бөлігін алдағы уақыттағы жиынға қалдырған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
06.08.2020