Шымкент тұтынушыларына 166 млн теңгеден астам қаражат қайтарылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы Шымкенттік өндірістік филиалымен көрсетілетін қызметтерінің бірін тегін көрсетуге қол жеткізді.


Тұтынушылардың өтініштері негізінде жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы Шымкенттік өндірістік филиалына қатысты жеке шкафты газ реттеу пункттерін іске қосу-реттеу үшін ақы алуды тоқтату және негізсіз алынған табысты тұтынушыларға қайтару туралы нұсқама шығарды.
 
Субъект нұсқамаға Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына шағым түсірді, нәтижесінде қанағаттандырусыз қалдырылды.
 
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырылды.
 
Енді газ тұтынушыларына жеке шкафты газ реттеу пункттерін  іске қосу үшін ақы төлеудің қажеті жоқ, ал зардап шеккен тұтынушыларға жалпы сомасы 166 680 500 теңге қаражат қайтарылатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы