Шығыс Қазақстан облысы
-
ШҚО-да 5 жатақхананың құрылысы басталады
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. 2018-2022 жылдары Шығыс Қазақстанда 4608 орынға арналған 11 жатақхана ашу жоспарланған. Оның төртеуі жоғары оқу орындарына, ал жетеуі колледждерге тиесілі болмақ. Бұл жөнінде облыстық әкімдікте өткен «Нұр Отан» партиясы өңірлік филиалының Саяси кеңесі бюросында хабарланды.
25.02.2019
-
ШҚО әкімі «Қызыл Ту» өткеліндегі паром қатынасын сынға алды
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы уақытта Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім және Көкпекті аудандарының арасын жалғайтын «Қызыл Ту» өткеліндегі паромның меншік иесі өзгеруі мүмкін. Паром өткеліндегі қызмет сапасының төмендігі мен тасымалдау бағасының тым қымбаттығын сынға алған өңір басшысы Даниал Ахметов тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде осындай тапсырма берді.
23.02.2019
-
ШҚО-да Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының аймақтық орталығы құрылады
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанның «Алтай Атлетикс» клубында Қазақстан азаматтығын алған төрт кениялық жеңіл атлетші бар. Жеңілатлетика федерациясы халықаралық қауымдастығының үздіктер рейтингіне кіретін бұл спортшылар қазірдің өзінде халықаралық байрақты бәсекелерде топ жарып, ел абыройын асқақтып жүр.
22.02.2019
-
ШҚО: Көпбалалы отбасылар тамаққа төленетін ақшадан босатылады
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстанда көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылардың мемлекеттік балабақшаға баратын балалары тамаққа төленетін ақшадан босатылып, мектеп формасымен қамтылады. Бұл жөнінде облыс әкімі Даниал Ахметов облыс орталығындағы көпбалалы аналармен кездесуі барысында хабарлады.
16.02.2019
-
Биыл ШҚО-да 200 шақырым жол жөнделеді
ШҚО, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында 200 шақырымнан астам жол жөнделеді. Бұл туралы Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов айтты.
13.02.2019
-
ШҚО аумағының 60% сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы 30 жыл көлемінде жер сілкінісі тым жиілеп кетті. Күндіз де, түнде де жер қыртысының қозғалысын сезіп тұру шығысқазақстандықтар үшін үйреншікті жағдайға айналғандай. Алда-жалда апат бола қалса не істеуге болады? Бар-жоғы екі ғана сейсмологиялық станциясы бар облыс қайғылы жағдайдың алдын алуға дайын ба? Көкейкесті осы және басқа да сауалдарға сайт тілшісі жауап іздеп көрді.
09.02.2019
-
ШҚО-дағы Бесқарағай ауданына 500 млн теңге инвестицияланады
Астана, BAQ.KZ. ШҚО әкімі Даниал Ахметов Бесқарай ауданының әкімімен есепті кездесуде 2019 жылы ауданға шамамен 500 млн теңге инвестициялау жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
09.02.2019
-
Айбек Нұғымаров жаңа қызметке тағайындалды
ШҚО, BAQ.KZ. ШҚО әкімдігінің білім басқармасы «Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры қызметіне Айбек Серікболұлы Нұғымаров тағайындалды. Бұл туралы ақпарат аталмыш басқарманың сайтында жарияланды.
31.01.2019
-
Жастар жылы. Бұл - рухани толысу кезеңі болмақ
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Астана қаласында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараны бір кісідей қолдаған шығысқазақстандық жастар биылғы жылдан үлкен үміт күтетіндерін айтты.
23.01.2019
-
Алтай қаласында бірнеше көшенің атауы өзгерді
ШҚО, BAQ.KZ. ШҚО Алтай қаласында сегіз көшеге жаңа атау берілді. Бұл туралы Алтайньюс порталы хабарлады.
22.01.2019
-
Ауадан ақша жасаған мемлекеттік кәсіпорын директоры ұсталды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «Еңбек-Өскемен» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басқарушы директоры 3,5 млн теңге сомасында пара алды және 15 млн теңгені жымқырды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық
22.01.2019
-
Шығыста қар көшкінінің қаупі сейілмей тұр
ШҚО, BAQ.KZ. 15-18 қаңтар аралығында тағы көшкін жүруі мүмкін. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті.
15.01.2019
-
ШҚО-да қар көшкінінен жол жабылып қалды
Астана, baq.kz. Өскемен-Таулы Үлбі-Северное бағытындағы жол қар көшкіні салдарынан жабылды. Қардың көлемі – 4000 куб метр шамасында
10.01.2019
-
ШҚО-да 900-ге жуық дау сотқа жетпей шешімін тапқан
ШҚО, baq.kz. Шығыс Қазақстан облысының барлық соттарында «Соттағы татуластыру рәсімдері» жобасын жүзеге асыру мақсатында татуластыру кабинеттері ашылып, белсенді жұмыс жасап келеді.
10.01.2019
-
ШҚО-да оңтүстіктен көшіп барған 60 отбасы баспаналы болды
ШҚО, baq.kz. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Шемонайха қаласында салтанатты жағдайда 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.
01.01.2019
-
ШҚО-да құстардың қырылып жатқан видеосы жарияланды
Астана, BAQ.KZ. Алтай ауданында құстар қырылып жатыр. Ал олардың қырылуына не себеп болғаны белгісіз. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
28.12.2018