Биыл ШҚО-да 200 шақырым жол жөнделеді

ШҚО, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында 200 шақырымнан астам жол жөнделеді. Бұл туралы Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов айтты. 

Оның сөзіне қарағанда облыста 2018 жылы 236 шақырым жол жөнделген. 

"Енді 246 шақырым жолды жөндейміз. Республикалық және облыстық бюджеттен 2,6 миллиард теңге қарастырылған", – деді Нұржан Жұмаділов.

Жиында мәлім болғандай, Бородулиха – Жезкент, Семей – Қарауыл, Семей – Курчатов, Өскемен – Самар, Үлкен Нарын – Күршім бағытындағы тас жолдар жөнделмек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы