қаржы
-
Қазақстан Үкіметі бюджеттен 240 млрд теңге бөледі: Қаржы қай салаға жұмсалады?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағын геологиялық тұрғыда заманауи әдістермен зерттеу аясын кеңейту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде биыл Қазақстан Үкіметі жер қойнауын анағұрлым егжей-тегжейлі масштабта зерттеудің жаңа кезеңін бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.01.2026
-
Жеке табыс салығынан кімдер босатылатыны белгілі болды
1 қаңтардан бастап Қазақстанда жеке табыс салығына қатысты бірқатар өзгеріс күшіне енді. Бұл өзгерістер кей азаматтардың табысына салық салынбауына, яғни ЖТС төлеуден босатылуына мүмкіндік береді. Әсіресе әлеуметтік қолдауға мұқтаж топтарға, сондай-ақ белгілі бір төлем түрлеріне қатысты жеңілдіктер қарастырылған.BAQ.KZ тілшісі 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалар қандай жағдайда табыс салығын төлемейтінін шолып шықты.
13.01.2026
-
2025 жылы 276 мыңнан астам қазақстандық жәрдемақыны өтінішсіз алды
2025 жылы Цифрлық отбасы картасы (ЦОК) арқылы 529,6 мың қазақстандық әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті түрде алу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама алды. Оның ішінде 276,2 мыңнан астам азамат жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді өтінішсіз рәсімдеу құқығын пайдаланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
13.01.2026
-
171 млрд доллар: Қазақстан қарызға батты ма, әлде басқарылатын деңгей ме?
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының резидент еместер алдындағы барлық өтелмеген сыртқы міндеттемелерінің жиынтық көлемі 171,4 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл деректерді Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жариялады. Жыл басынан бері көрсеткіш шамамен 7 млрд долларға өскен. Аталған өсім экономикалық қауіпті білдіре ме, әлде инвестициялық белсенділіктің салдары ма? Сарапшылар не дейді?
13.01.2026
-
300 млн теңгеден астам актив мемлекетке қайтарылды
Алматы қаласының прокуратурасы мемлекетке 300 млн теңгеден астам активті қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.01.2026
-
Автолизинг бар, көлік жоқ: Жаңа бағдарлама неге тоқтап тұр?
Желтоқсан айында іске қосылған жеке тұлғаларға арналған автолизинг бағдарламасы әзірге жаппай сұранысқа ие болмай отыр. Осы уақытқа дейін автолизингтің небәрі бір ғана нақты берілу дерегі тіркелген. Одан кейін бағдарлама іс жүзінде «тоқтап қалған». Екінші деңгейлі банктердің басым бөлігі мұндай өнімнің әзірге оларда жоқ екенін растап отыр. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне банк секторының өкілдері мен нарық қатысушылары мәлімдеді.
12.01.2026
-
Мерзімі өткен берешекті қалай реттеуге болады?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заңнамаға сәйкес қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктермен бірыңғай өзара іс-қимыл тетігінің белгіленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11.01.2026
-
2025 жылы әлеуметтік осал топтарға берілетін жәрдемақы өсті
2025 жыл Қазақстанның әлеуметтік саясатында маңызды кезеңдердің бірі болып отыр. Бұл жылы әлеуметтік осал топтарды қолдау бағытындағы шығыстар ұлғайып, төлемдердің мөлшері қайта қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
11.01.2026
-
Қазақстандықтардың несиелері кешіріліп жатқаны рас па?
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.01.2026
-
Цифрлық дәуірдегі әдеп: Достармен ас ішкенде есепті қалай бөліскен дұрыс?
Қазіргі таңда достармен бірге ас ішкенде есепті бөлісу, біреуге кофе алып беру немесе билет ақысын жылдам аудару – күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналды. Цифрлық төлемдер бұл процесті жеңілдеткенімен, қарым-қатынасқа қатысты жаңа сұрақтар мен сезімдерді де алға шығарып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Japan today басылымына сілтеме жасап.
08.01.2026
-
Қазақстанда қарыздар мен микрокредиттер бойынша сыйақының шекті мөлшерлемесі бекітілді
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2025 жылғы 24 желтоқсанда бірлескен қаулы қабылдап, қарыздар мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейлерін белгіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.01.2026
-
Посткеңестік валюталар 2025 жылы қалай өзгерді?
R-Finance қаржы талдаушысы Арман Байғанов 2025 жылы АҚШ долларына қатысты посткеңестік елдердің валюталары қалай өзгергеніне салыстырмалы талдау жүргізді. Оның айтуынша, жыл бойындағы валюта бағамдарының қозғалысы бірқатар айқын үрдістерді аңғартады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.01.2026
-
Қазақстанда ипотека бойынша маңызды талап уақытша тоқтатылды
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен еліміздің Ұлттық банкі бірлескен қаулы қабылдап, оған сәйкес 2025 жылғы 1 қарашадан 2026 жылғы 1 шілдеге дейін ипотекалық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) 25%-дан 20%-ға дейін төмендету талабы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.01.2026
-
Қазақстанда зейнетақы көбейді: БЖЗҚ кімдерге қосымша есептейтіні белгілі болды
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдері бұрыннан зейнетақы алып жүрген азаматтар үшін 5 пайызға ұлғаяды. Бұл өсім ай сайынғы төлемдерді индекстеу аясында жүзеге асырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.01.2026
-
Қаңтардан бастап кімнің мобильді аударымы тексеріледі
2026 жылдан бастап мобильді аударымдарға қатысты жаңа бақылау шаралары күшіне енді. Банк картасына үш ай ішінде 100-ден аса адам ақша аударса немесе жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден асса, бұл операциялар кәсіпкерлік табыс ретінде қарастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.01.2026
-
100 млн теңге: Таразда алаяқтық жасаған күдікті Ресейде ұсталды
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы аса ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.01.2026
-
2026 жылы ақшаны қайда салған дұрыс: экономистер тиімді жолдарды атады
2026 жылы қазақстандықтар жоғары базалық мөлшерлеме, инфляцияның баяулауы және экономиканың салық саясатындағы өзгерістерге бейімделуі жағдайында қаржылық стратегиясын қалыптастыруы тиіс болады. Экономистер қаржы құралдарын таңдауда басты қағидалар ретінде капиталды сақтау, әртараптандыру және эмоцияға беріліп шешім қабылдамауды атап өтеді. Бұл туралы толығырақ BAQ.KZ материалында.
02.01.2026
-
Цифрлық кодекстен бюджетке дейін: Сенат 2025 жылы қандай заңдарды бекітті?
2025 жылы Қазақстан Парламенті Сенатының күн тәртібі "ірі кодекстерден" бастап, қаржы жүйесі, құрылыс, жер қойнауын пайдалану, бюджеттік жоспарлау, мәдени мұра, құқықтық рәсімдер мен халықаралық келісімдерді ратификациялауға дейінгі кең ауқымды қамтыды. BAQ.KZ тілшісі жоғарғы палата бекіткен заңдарға шолу жасап көрді.
31.12.2025
-
Сыйлық, шырша және аяз ата: Жаңа жылды тойлауға өңірлер қанша қаржы бөлді?
Жаңа 2026 жылға санаулы ғана күн қалды. BAQ.KZ тілшісі өңірлердегі тұрғындар мен қонақтардың жаңа жылды көңілді қарсы алуы үшін қандай жұмыстар жүргізгенін білді.
29.12.2025
-
Мемлекет қарызына өз несиең сияқты жауапкершілікпен қарау керек – Мәжіліс дептутаты
Мәжіліс депутаты Лұқбек Тұмашинов мемлекеттік қарыз мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
28.12.2025