675 миллион теңге: Астанада емхана қаржысын жымқырғандар Италияға демалып кеткен
Астана қаласының прокуратурасы елордадағы қалалық емханалардың бірінде бюджет қаражатын жымқыру схемасын әшкереледі.
Астанадағы емханада 675 млн теңге жымқыру дерегі әшкереленді. Қаражат туыстардың шотына аударылып, Италияға сапар мен қымбат техникаға жұмсалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Прокуратура мәліметінше, тексеру барысында медициналық ұйымның бұрынғы басшылық құрамының ұзақ уақыт бойы азаматтарды емдеуге арналған бюджет қаражатын заңсыз шығару жүйесін ұйымдастырғаны белгілі болды.
Анықталғандай, қаражаттар жақын туыстары мен үлестес тұлғалардың есепшоттарына аударылып, заңды қаржылық операциялар ретінде бүркемеленген.
Жымқырылған қаржының бір бөлігі қымбат тұрмыстық техникаларды сатып алуға, сондай-ақ Италияға туристік сапарларды төлеуге жұмсалған. Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген залал көлемі 675 млн теңгеден асады, - деп хабарлады Астана қаласының прокуратурасы.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында елорда прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Тағы оқи отырыңыздар: Мұғалімді "жемқор" деп айыптаған Тараз тұрғынына айыппұл салынды.
Жақсылық Омарға қатысты прокуратура мәлімдемесі: Шартты түрде босату мен рақымшылық қолданылмайды.
- Артық жүк жолды тоздырып жатыр: «ҚазАвтоЖол» 870 мың заң бұзушылықты тіркеді 23:15
- Астанаға ағылған халық: 6 айда елордаға 32 мың адам көшіп келген 22:49
- Қазақстан мен Әзербайжан пароммен жолаушылар тасымалын қайта бастайды 22:31
- Алматы облысында 18,1 млрд теңгелік жылыжай кешені бой көтеріп жатыр 21:56
- Жаңбыр мен аптап ыстық: 10 қыркүйекте бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 21:20
- Жүргізушілерге ескерту: Астанада маңызды жол учаскесі 6 күнге жабылады 20:56
- Қазақстанда жылжымайтын мүлік сату тәртібі өзгерді: Енді нотариусқа қатысты маңызды талап бар 20:33