мүмкіндігі шектеулі
-
Мүгедек жандарға пойыз билеті 50% жеңілдікпен беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жолаушылар тасымалы" АҚ мүгедек жандар үшін пойыз билетіне 50% жеңілдік жасайды.
24.07.2020
-
32 мыңға жуық азаматтың мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына сәйкес 31,9 мың азаматтың мүгедектік мерзімі автоматты түрде 3 айға ұзартылды. Сонымен бірге, бұрын белгіленген мүгедектік тобы үшін мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу ағымдағы жылдың 17 шілдесінде жүзеге асырылды.
21.07.2020
-
Балаева мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайы пандемия кезінде күрделенгенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның онлайн өткен отырысында мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайы пандемия кезінде күрделенгенін айтты.
17.07.2020
-
Мүгедектер пойыз билетін онлайн сатып ала алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық тасымалдаушы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған темір жол билеттерін онлайн сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа қызметті іске қосты.
29.06.2020
-
Мүмкіндігі шектеулі 6,5 мың адам жұмыспен қамтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы қаңтар-мамыр айларында мүмкіндігі шектеулі 6,5 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар құрамына қосылды.
16.06.2020
-
Жылыойлық жастар мүмкіндігі шектеулі жанға баспана сыйлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы Құлсары қаласында тұратын жалғызбасты анаға жаңа баспананың кілті табыс етілді.
15.06.2020
-
Әлеуметтік қызметтер порталын қолданушылар саны артып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік қызметтер порталының қызметіне 3 ай ішінде 2,2 мыңнан астам мүгедек және 1,7 мыңнан астам қамқоршы пайдаланып, оның жартысынан астамы өз тапсырыстарын сәтті алып үлгерді.
15.06.2020
-
АЕК өсуі жәрдемақы мөлшеріне қалай әсер етті?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш және ең төменгі күнкөріс деңгейінің артуына байланысты мүгедектік бойынша жәрдемақы қайта есептелді. Ал мүгедектігі бар адамдардың мүгедектігін куәландыру мерзімі автоматты түрде ұзартылды. Толығырақ ақпарат инфографика түрінде көрсетілген.
17.04.2020
-
Қазақстандықтар мүгедектердің жағдайын қадағалай алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ "Мүгедек тұлғаларды әлеуметтік қорғау" және "Қолжетімділіктің интерактивті картасы" ақпараттық порталдарының қызметін біріктірді.
16.04.2020
-
Мүмкіндігі шектеулі жандардың анықтамасы ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы бойынша төтенше жағдай кезеңінде қайта куәландырудан өтуі тиіс 1878 азаматтың мүгедектік анықтамаларының мерзімі орталықтандырылған база бойынша ұзартылды.
09.04.2020
-
Төтенше жағдай. Мүгедектікті анықтайтын құжатты онлайн алуға болады
Қызмет "Электрондық үкімет" порталында "Электрондық өтініш" сервисі арқылы берілген электрондық өтініш негізінде ұсынылады.
27.03.2020
-
Nur Otan: вокзалдар мен бекеттерде мүгедектердің мұқтаждығы ескерілмеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі вокзалдар мен бекеттерде мүмкіндігі шектеулі жандардың мұқтаждығы ескерілмеген. Бұл туралы "Nur Otan" партиялық бақылау комитетінің отырысында айтылды.
12.03.2020
-
Қазақстандықтар өмірді жеңілдететін қызметтерді белсенді пайдаланбайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек ету қабілетінен айырылған, жұмысынан айырылған, сондай-ақ мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылған жағдайларда әлеуметтік төлем тағайындалуға тиісті әрбір азамат ол төлемдерді SMS хабарламаға жауап бере отырып, қашықтықтан ресімдей алады.
13.02.2020
-
Бас аспаздар клубы мүмкіндігі шектеулі балаларға ас берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір елордадағы Dears мейрамханасында 32 балаға арнайы дастархан жайылды.
10.02.2020
-
Өз қолыңмен өсірген өнімнен пайда табу үлкен қуаныш – кәсіпкер
Атырау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мейрамбек Қазиев 10 жыл бұрын газ баллоны жарылған кезде бір аяғынан айырылған. Үш баланың əкесі өткен жылы "Бизнес бастау" жобасы аясында оқып, 500 000 теңгенің қайтарымсыз грантына ие болған.
06.02.2020
-
ХҚКО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы кабинет ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласының №1 орталық ХҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кабинет ашылды.
03.02.2020
-
Маңғыстау облысында мүгедек балаларға арналған медиа мектеп ашылады
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Мүмкіндігі шектеулі балалар қамтылатын жоба жуық арада облыс орталығында жүзеге асуы тиіс.
31.01.2020
-
"Мобильді қызмет" жобасы: Мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін қызмет көрсетіледі
6 айдың ішінде 300 адамға 2 мыңға жуық қызмет түрі көрсетілген. Әлеуметтік такси айына мүгедектігі бар жандардан 120-150 тапсырысты қабылдайды.
14.12.2019
-
Елордада мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қандай көмек көрсетіледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі таңда елордада 26 714 мүгедек тұрады, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 5 570 адам. Оларға жан-жақты әлеуметтік және оңалту қызметтері көрсетіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
03.12.2019
-
Ақмолалық полицейлер сал ауруына шалдыққан балаларды иппотерапиямен емдеуде
Ақмола, BAQ.KZ тілшісі. Әр аптаның жұма күні Көкшетау қалалық патрульдік полиция батальонының атты взводының оқу манежінде мүмкіндігі шектеулі балаларға иппотерапия сабақтары өткізіледі.
30.11.2019