Бас аспаздар клубы мүмкіндігі шектеулі балаларға ас берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір елордадағы Dears мейрамханасында 32 балаға арнайы дастархан жайылды.



Мүмкіндігі шектеулі 13 бала мен мұқтаж отбасылардың 19 баласын концерттік бағдарлама мен аниматорлар көңіл-күйін көтерді.





Бұл шара ҚР Бас аспаздар клубының алғашқы шарасы емес. 

Біз Қазақстан Республикасы бойынша Бас аспаздар клубы - өзіміздің тобымызды ашқанбыз. Бүгінгі шара сол тобымызбен  атқарып жатқан бірінші шамамыз емес. Мұқтаж отбасыларға, балалар үйінің балаларына, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесеміз. Мақсатымыз - оларды жинап, алдарына дәмді ас қойып, көңілдерін көтеру. Балалардың көңілін көтеру арқылы өзіміздің де көңіліміз көтеріліп қалады. Жақсылық жасау арқылы оларға мейірімділік, қамқорлық көрсетеміз, - деді ұйымдастырушы  Дильноза Марзамұратқызы.







Естеріңізде болса, BAQ.KZ ақпарат агенттігі елордада 8 баласымен вагонда тұратын отбасы туралы арнайы репортаж дайындаған болатын. Бүгінгі шараға сол отбасының балалары да қонақ болып келді.


8 баласы бар отбасын BAQ.KZ ақпарат агенттігінен көріп, азық-түлікпен көмектесейік деп шештік. Қазір барлығын дайындап қойдық. Сондай-ақ, бүгінгі шараны эстафета ретінде Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды қалаларындағы Бас аспаздар клубына жолдаймыз. Өйткені өткен жылдың 12 қарашасында өткен іс-шарамызды аталған қалаларға жолдап, олар бізді қолдаған болатын, - деді Дильноза Марзамұратқызы.

Бас аспаз алдағы уақытта Қарттар үйіне де осындай шара ұйымдастыруды көздеп отырғанын атап өтті. 


Енді алдағы уақытта Наурыз мерекесіне орай елордадағы Қарттар үйіне барып,  дастархан жайып, ата-апаларымыздың көңіл-күйін көтеруді жоспарлап отырмыз. Бүгінгі дастарханға мүмкіндігі шектеулі 13 бала келді, мұқтаж отбасылардан 19 бала шақырылды. Барлығы 32 балаға дастархан жаямыз. Қарттар үйінде бұдан да көп екенін білеміз. Сондықтан арнайы дайындықты бастап кеттік, - деп бөлісті аспаз.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы