энергетика
-
"Доңға" жобасында жергілікті қамтуды дамытуға арналған бесжылдық бағдарлама бекітілді
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі "Доңға" жобасы бойынша уәкілетті орган қызметін атқаратын "PSA" ЖШС-мен бірлесіп, жобаны іске асыру барысында пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар және қызметтердегі жергілікті қамтуды дамытуға арналған бесжылдық бағдарламаны бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.11.2025
-
Қазақстан вольфрамын АҚШ сатып алады: Сарапшы стратегиялық маңызын түсіндірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары барысында жасалған маңызды келісімдердің бірі – Қарағанды облысындағы вольфрам кенін игеру жобасы болғаны белгілі. Экономист, аналитик Ернар Серік ауқымды инвестиция жасалатын жобаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
07.11.2025
-
АИ-92 қымбаттауы: Министрліктің "соғысы" түбегейлі шешім бе?
Қазақстанда жанармай бағасы экономиканың жалпы саулығын көрсететін негізгі индикаторлардың бірі саналады. АИ-92 бензині – тұтынушылардың ең кең қолданатын түрі. Соңғы айларда оның қымбаттауына қатысты шағымдар көбейіп, алыпсатарлық тетіктерінің күшейгені байқалды. Осыған байланысты Энергетика министрлігі бағаны негізсіз өсіретіндердің жолын кесуге бағытталған қатаң бақылау мен тексеру тетіктерін іске қосты. Бірақ бұл шара ұзақ мерзімді шешім бе, әлде уақытша ма? BAQ.KZ тілшісі анықтап көрді.
07.11.2025
-
"Алға бір, артқа екі қадам": Сарапшы бензин бағасын тежеу шешімін түсіндірді
Қазақстан үкіметі АИ-92 бензині мен дизель отынының бағасын 2026 жылдың көктеміне дейін көтеруге тыйым салу туралы мораторий енгізді. Бұл шешімнің мақсаты – инфляцияны тежеу және ішкі нарықтағы тұрақтылықты сақтау. Алайда сарапшылардың айтуынша, мұндай қадам жанармай тапшылығына, инвестициялық ахуалдың нашарлауына және еліміздің ЕАЭО-ның бірыңғай отын-энергетикалық нарығынан қалып қоюына әкелуі мүмкін. Толығырақ – BAQ.KZ тілшісінің эксклюзивті материалында.
28.10.2025
-
13 трлн теңге инвестиция: Қазақстан энергетика жүйесін қалай жаңғыртып жатыр
Қазақстан энергетика саласында құрылымдық өзгерістер кезеңін бастан кешіп жатыр. Қазіргі уақытта елде 234 электр станциясы жұмыс істейді, оның ішінде 158-і – жаңартылатын энергия көздері, жалпы қуаты 3 ГВт-тан асады. Алайда энергетикалық инфрақұрылым әлі де осал күйінде қалып отыр: жабдықтардың орташа тозу деңгейі 56 пайызға жеткен. Бұл өсіп келе жатқан энергия тұтынуын толық қамтамасыз ету мүмкіндігін шектейді. Ендігі басты мақсат – энергетикалық жүйені жаңарту және қуат көздерін әртараптандыру. Осы бағытта газ жобаларының дамуы, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және "инвестицияға айырбасталған тариф" бағдарламасы ерекше рөл атқарады. Осы бастамалардың жүзеге асырылу барысы туралы BAQ.KZ тілшісі зерттеп көрген болатын.
28.10.2025
-
Көктемге дейін тарифтер көтерілмейді, бірақ одан кейін не болады?
Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов Үкіметте өткен брифингте мемлекет бойынша коммуналдық жүйелерді модернизациялау жұмыстары тоқтамайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
28.10.2025
-
Қазақстанда қыста жарық өшіріле ме?
Қыста еліміздің тұрғындарын электр энергиясынан тапшылық көрмейді. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
28.10.2025
-
Энергетикадағы ЖИ мен цифрландыру: Үкімет басшысының нақты тапсырмалары
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында энергетика саласындағы цифрлық трансформацияның маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
28.10.2025
-
Энергияны тұтыну қарқыны жылдан жылға арта береді – Үкімет
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында энергияны тұтыну қарқыны жылдан жылға арта беретінін айтып, саланы дамыту қажеттігіне назар аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
28.10.2025
-
Бектенов: 2035 жылға дейін жаңа энергия көздерін іске қосуымыз керек
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында энергетика саласындағы 2035 жылға дейінгі міндетті атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
28.10.2025
-
Енді көмірден энергетика секторына дейінгі жұмыстар онлайн басқарылады
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында Қазақстан энергетика саласында Бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесін (БМБЖ, EnergyTech) құру және енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
28.10.2025
-
Қазақстан көмірден таза энергия өндірмек
Энергетика министрлігі Қазақстанда көмірден алынатын электр қуатын таза көмір технологиясы негізінде дамытуға бағытталған бірқатар ірі жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ведомство басшысы Ерлан Ақкенженов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
28.10.2025
-
2029 жылға дейін Қазақстанның энергетика жүйесі қалай дамиды
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында елдің энергетикалық жүйесінің штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын және 2035 жылға дейін қосымша 26 ГВт жаңа генерациялау қуаттарын енгізу жоспары белсенді жүзеге асырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
28.10.2025
-
Қазақстанда судың тарифі арзандай ма?
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанда халықты 100 пайыз таза ауызсумен қамту мақсатында елді мекендерде су құбыры жүйелерін салу және қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
20.10.2025
-
Жылу электр орталығына тәуелді болғандықтан, Қазақстанға көмірден бас тарту қиын – сарапшы
Қазақстанда көмір генерациясынан бас тарту күрделі болмақ. Өйткені елдегі жылу электр орталықтары (ЖЭО) тек электр энергиясын ғана емес, сонымен қатар қыс мезгілінде қалалар мен елді мекендерді жылумен қамтамасыз етеді. Бұл туралы Carbon Trust компаниясының Азиядағы жобалар жетекшісі Хазим Росли мәлімдеді. Ол энергетикалық ауысым жоспарын әзірлеу кезінде Қазақстан көмір инфрақұрылымының әлеуметтік маңызын ескеруі және декарбонизация мен халықты жылумен қамтамасыз ету арасындағы тепе-теңдікті табуы қажет екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
17.10.2025
-
Қазақстандағы жел энергетикасы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыра алады – Ұлыбритания елшісі
Қазақстан жаңартылатын энергия көздері саласында орасан зор әлеуетке ие, ал оның жел ресурстары тұтас мемлекеттердің жалпы орнатылған қуатынан да асып түсуі мүмкін. Бұл туралы Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Салли Аксуорси "Диалогтан әрекетке: Орталық Азиядағы әділетті энергетикалық ауысуды жеделдету" атты дөңгелек үстел барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
17.10.2025
-
Қазақстан таза энергия дәуіріне қадам басты: JETP платформасы құрылады
Қазақстан 2060 жылға дейін көміртек бейтараптығына (яғни, ауаға шығарылатын көмірқышқыл газы мен оның сіңірілуі тең болатын жағдайға) жетуді көздеп отыр.
17.10.2025
-
Әлемде уран тапшы болады: Қазақстанның үлесі қандай?
Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады. Президентке компанияның биылғы 9 айда атқарған қызметінің нәтижелері таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
16.10.2025
-
Биыл елімізде 11,6 млн тонна мұнай өнімі өндірілді
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында отын-энергетикалық кешеннің 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы жағдайы туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
14.10.2025
-
Брюссельде "жасыл" энергетика саласындағы жаңа келісімдерге қол қойылды
ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Брюссельде өткен "Global Gateway" форумына қатысып, Еуропалық Одақ өкілдерімен бірқатар стратегиялық кездесулер өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.10.2025