АИ-92 бағасының өсуі: Министрлік түсініктеме берді
Энергетика министрлігі әлеуметтік желілер мен бірқатар БАҚ-та тараған АИ-92 маркалы бензиннің бөлшек бағасының өсуіне қатысты ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Энергетика министрлігі әлеуметтік желілер мен бірқатар БАҚ-та тараған АИ-92 маркалы бензиннің бөлшек бағасының өсуіне қатысты ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ведомство мәліметінше, елімізде жанар-жағармай бағасын көтеруге қойылған мораторий күшінде қалып отыр. АИ-92 бензині мен дизель отынының бағасы 2025 жылғы 16 қазанда белгіленген деңгейде сақталуда.
Ақпараттық сервистер мен цифрлық карталар бағаны өзгертуге негіз бола алмайды. Егер нақты бір жанармай құю бекетінде белгіленген деңгейден жоғары баға тіркелсе, өкілетті органдар әр жағдайды жеке қарайды, — деп атап өтті министрлік.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және өңірлік штабтармен бірлесіп, нарыққа тұрақты мониторинг жүргізіліп келеді. Бағаның негізсіз өсуі анықталған жағдайда, жауапты тұлғаларға шара қолданылатын болады.
Жанармай бағасының шектен тыс қымбаттауына тап болған азаматтарға call-орталық нөмірлеріне хабарласу ұсынылады: +7 (701) 855 02 48, +7 (7172) 57 44 81.
- Түнгі клубта өлімші етіп сабап, қашып кеткен: Астанада атышулы іс аяқталды 03:19
- Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы өтетін теңіз жолдарының картасы бойынша келісімге келді 01:50
- Индонезиядағы 7,7 балдық жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 47-ге жетті 00:41
- Ақтөбеде жаңа кәріздік тазарту кешенінің құрылысы басталды 15.08.2026
- Ақмола облысында "Ауыл құтқарушылары" ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды 15.08.2026
- Қазақстанның орман қорында бір күнде он өрт тіркелді 15.08.2026
- Qazaqstan Barysy – 2026: Дебютант Жантілек Нұртілепұлы – алтын белбеу иегері 15.08.2026