Еңбек адамы
-
Еңбегімен елге үлгі
Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Президент 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, тиісті Жарлыққа қол қойды. Ауыл-аймақтарда адал еңбек, маңдай терімен ел қошеметіне бөленген жанның бірі – жамбылдық Сәтбек Дүйсенбаевпен BAQ.KZ тілшісі әңгіме өрбітті.
30.01.2025
-
Ауылын гүлдендірген қайырымды кәсіпкер
Маңғыстау облысының орталығы Ақтаудан 570 шақырым шалғай жатқан Бейнеу ауданының құрамына кіретін Боранқұл ауылында 8 мыңдай адам тұрады. Сол халықтың 200-ден астамы жергілікті кәсіпкер ашқан супермаркет, базар және мейрамханада жұмыс істейді. Негізінен ауыл шаруашылымен айналысатын ауылда жүк тасымалын қолға алған мекеменің негізін Меруерт Омарова қалады. Ол бизнесін кеңейтіп, ауылындағы біраз адамға жұмыс тауып беріп, елдің алғысын алған адам. BAQ.KZ сайтының тілшісі алақандай ауылының ұйытқысы болып отырған кәсіпкермен сөйлесіп, ауылдың тыныс-тіршілігімен танысты.
28.01.2025
-
Шәкірт жетістігі ол мұғалімнің мерейі – 42 жыл еңбек еткен ұстаз
"Жұмысшы мамандықтар жылы" қарсаңында Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі Алматы қаласындағы №4 зағип және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаттың педагогы, "Еңбек Ері" Гүлжанар Нұрпейісованы әңгімеге тартқан еді.
28.01.2025
-
Ақтөбелік шаруа: Табанды еңбектің арқасында көп жетістікке жеттім
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында қой шаруашылығын дамытып отырған жалғыз шаруа қожалығы — «Алтын-Әсел» ЖШС. Серіктестік басшысы Хамит Өтеуұлы бүгінде жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып қана қоймай, туған ауылын түлетіп, ауылдастарына ерекше қамқорлық көрсетіп келеді. BAQ.KZ тілшісі Ақтөбе облысының құрметті азаматы, белгілі кәсіпкер Хамит Өтеуұлымен сұхбаттасты.
27.01.2025
-
Құрылыс пен металлургия саласында қандай жаңа мамандықтар бар?
Өнеркәсіп және құрылыс саласына 40 мыңға жуық маман қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.01.2025
-
Елімізде автокөлік саласындағы сұранысқа ие мамандар дайындалмайды
Елімізге жаңа мамандықтар қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.01.2025
-
Ғани Бейсембаев білім беру жүйесінде қандай өзгерістер болатынын айтты
Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев "Жұмысшы мамандықтары жылы" іске асыралатын 6 іс- шараға тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.01.2025
-
Жас кәсіпкер қымыздан жасайтын балмұздағының сырын ашты
Абай облысында 21 жастағы кәсіпкер қымыздан балмұздақтың 18 түрін шығарады. Ерекше өнімнің авторы - Айдын Серікқазин. Ол кәсібін 2019 жылы бастаған. BAQ.KZ тілшісі ұлттық брендті дамытып жүрген жас кәсіп иесімен сұхбаттасты.
06.01.2025
-
Ауылда кәсіп те, жұмыс та көп – кәсіпкер
Шағын ауылда 75 шаруа қожалығы бар! Бұл – Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ерназар ауылы. Еңбектің көрігін қыздырған ұста мен шебер, тігінші – түрлі кәсіп иесі осы ауылда. Соның бірі – ауыл шаруашылығы саласында табан ақы, маңдай терімен адал нәсіп теріп отырған Болатбек Айтуаровтың тыныс-тіршілігімен BAQ.KZ тілшісі танысып қайтты.
17.12.2024
-
"Ыстықта да, суықта, тазалықты ұмытпа!" – жол шебері
"Тазалық – денсаулық кепілі" дейді халық даналығы. Қаланың тазалығы мен сұлулығы тек қана жасыл желек, зәулім үйлермен өлшенбесе керек-ті. Әсіресе әлем көз тіккен, бүкіл елдің айнасы саналатын елорданың тазалығы маңызды. Осы орайда тазалықтың сақшысы айналып, шаһар көшелерін жазда қоқыстан, қыста қардан тазартып жүрген жол жұмысшыларының шебер маманы, «Астана Тазалық» компаниясының жұмысшысы Жұмабек Нұрлановпен әңгімелескен болатынбыз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.12.2024
-
Арнайы техника жүргізушісі: Қала тазалығы - ортақ міндет
Қаланың әрбір тұрғынының қысы-жазы күндіз-түні тыным таппай көше тазалап жүретін қызғылт сары техникаға көздері үйреніп алған болар. Қыста олар қала көшелерін қардан тазартса, жазда шаң-тозаңнан арылтады. 20 жылдан бері қаланың тазалығына атсалысып келе жатқан еңбекшіл жанның бірі, «Астана Тазалық» ЖШС-да арнайы техника жүргізушісі Жарқын Мұсаевпен әңгімелесудің сәті түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.12.2024
-
Коммуналдық қызметкер: Көше тазалығы - бәрімізге сын
Тазалық – денсаулық кепілі. Үйімізбен бірге тұратын қаламыздың таза болуы да маңызды. «Еңбекпен тапқан нан тәтті». Жиырма жылға жуық уақытын «Астана Тазалық» ЖШС мекемесінде елорданың көшелерін тазалауға арнап келе жатқан Татьяна Ускинованың өмірлік қағидасы осындай, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
30.11.2024
-
Бақытымды еңбектен тапқан жанмын - жол жұмысшысы
Ғұмыр кешіп жатқан ғаламшарымыз бен қаламызды таза ұстау – баршамызға ортақ міндет. Алайда күнделікті өмірде әрқайсысымыз оның тазалығына үлес қосып келеміз деп айту қиын. Осы орайда таңмен таласа тұрып, көшелердің тазалығы үшін тыным таппайтын жол жұмысшыларының еңбегі орасан зор, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
30.11.2024
-
Бекзада кәсіп иесі – құсбегі Бауыржан Ешметов
Үш мың жылдық тарихы бар өнерді өрге сүйреп жүргендердің бірі – Бауыржан Ешметов. Бекзат өнерді дамытып жүрген құсбегіні Жамбыл облысы тіптен елдік түкпір-түкпірінен көпшілік таниды. Ол атадан балаға мирас болған ұлттық құндылықты дәріптеп жүрген бірегей жанның өмір жолымен BAQ.KZ тілшісі жүздесті.
30.11.2024
-
Мемлекет жаңа бизнес идеяларға қолдау көрсетуде – Жамбыл облысы
Мемлекет шағын және орта кәсіптің көкжиегін кеңейту мақсатында түрлі кешенді шаралар қабылдап келеді. Әр түрлі санаттағы азаматтарға арналған қайтарымсыз қаражаттың шарапатын көріп келе жатқан ел азаматтары ауыл-аймақтың әр түкпірінде жемісті еңбек етуде. Сондай бірнеше кәсіп иелерімен BAQ.KZ тілшісі кездесіп қайтты.
30.11.2024
-
Еңбек ер атандырады
Еңбек адамы әрдайым құрметке лайық. Оның орны үнемі төрде болады. BAQ.KZ тілшісі ауылда тұрып-ақ мың сан шәкірт шыңдап, айтулы спорт шеберлерін шығарып жүрген қазақ күресінен елге белгілі бапкер Пернебек Дубаевтың ерлікке пара-пар еңбегін насихаттайды.
29.11.2024
-
Ғалымдар әулеті. Бір университетте 30-ға жуық отбасы еңбек етіп жүр
Павлодар облысында Торайғыров университетінде жүздеген студентке білім беріп жүрген ғалымдар жетерлік. Бүгінгі таңда бір жоғары оқу орнында 30-ға жуық ғылыми отбасы мүшесі жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
25.11.2024
-
Еңбек етіп, жұмыс істеген адамға ауылда мүмкіндік мол – сауыншы
Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы саласында тынымсыз еңбек етіп жүрген қарапайым еңбек адамдары көп. Біз осы орайда астықты өлке — Мәртөк ауданының тұрғындарымен тілдескен едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
25.11.2024
-
Ақтөбеде қарапайым еңбек адамдары марапатқа ие болды
Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлері мерекесінде әр ауданда тынымсыз еңбек етіп жүрген қарапайым жұмысшылар марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
21.11.2024
-
Еңбегімен ел алғысына бөленген Бекзат
Қазіргі қоғамда адал еңбегімен көпке үлгі болып жүрген азаматтар жетерлік. Солардың бірі – Астана тұрғыны Бекзат Бүркітов.
20.11.2024