Еңбек адамы
-
Күй тыңдап, құмыра жасайтын шебер
Түркістанда өз ауласынан шағын шеберхана ашып алған шебер тұрады. Оның қолынан шыққан әрбір туынды көне шаһарды қызықтап келген қонақтардың құнды бұйымына айналған. Шебердің түсінігінде балшық – бұл тек материал емес, оның әлеміндегі ең құнды ресурс. Ол өнерге жарты ғұмырын арнап, шабыт пен үйлесімділікті біріктіре алған санаулы адамның бірі. Содан да болар, үйіне іздеп келушілердің саны күннен күнге артып, оның туындыларына деген сұраныс азайған емес. BAQ.KZ тілшісі Абайхан Рысбаевтың шағын шеберханасына барып, шебердің қолынан шыққан туындыларымен танысып, оның ерекше өнер әлеміне бойлап қайтты.
31.03.2025
-
Еңбек адамы: Әркім өз өмірінің бас аспазы
"Ас – адамның арқауы" дейміз. Күнделікті өмірдегі маңызды істердің бірі – құнарлы әрі пайдалы тамақтану. Ендеше адамға арқау болған асты пісіретін маман жұмысының маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Дәмді тағам – кез келген адамның көңіл күйі мен күш-қуатының сарқылмауына себеп болады. BAQ.KZ тілшісі бір күнін аспаз жұмысының қыр-сырымен танысуға арнады.
29.03.2025
-
Темір жолдың темірдей тәртібін меңгерген жан
Теміржолдың темірдей қатаң тәртібі бар. Әр істің өзіне тән қиындығы бар десек, кейбір салада білектің күші мен төзімділік қажет болады. Біздің нәзік жандылар отбасындағы өзіне тиесілі жауапкершілікпен қатар, ауыр жұмыстың да жүгін арқалай алатын күшке ие. BAQ.KZ тілшісі теміржол саласында табанды еңбек етіп келе жатқан Саламат Дүттібаеваны сөзге тартты.
29.03.2025
-
Ақтөбелік шаруа: Бейнеттен қашпай, еңбек етсең, бәріне қол жеткізесің...
Ақтөбе облысында шалғай ауылда тұратын Дабыловтар отбасы мал шаруашылығын дамытып, бау-бақша өсіріп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
28.03.2025
-
Тозған аяқ киім, тозбаған кәсіп: Етікшінің бір күні
Етікшілік көне кәсіптің бірі. Бүгінде бұл мамандық тек қолөнер ретінде ғана емес, табыс көзіне айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
28.03.2025
-
Еселі еңбегімен танылған маман
Жуырда Халықаралық Арулар күні қарсаңында Президент Іс басқармасының "Қазқұрылысжүйесі" кәсіпорнының сметалық құжаттама бөлімінің басшысы Әсия Рахметова "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.03.2025
-
"Шебердің қолы көпке ортақ". Тігіншінің бір күні
Тігінші болып көп жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан Айгүл Оңғарбаева өзінің тәжірибесін бөлісіп, қызықты жұмысы турады жан-жақты айтып берді. Қолынан нағыз іс келетін маманның сұхбатын "Еңбекқор ел" жобасынанан тамашалай аласыздар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
17.03.2025
-
Трактор тізгіндеген апа
Жетісу жерінде «тракторшы апа» атанып кеткен Шакира Идрисова тұрады. Ол көпбалалы ана болса да, ауылшаруашылығы саласының белді өкілі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
11.03.2025
-
Олар — еңбекқор әйелдер
Ақтөбе облысында әр салада абыройлы еңбек етіп жүрген әйелдер көп. Біз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай тынымсыз жұмыс істеп, отбасын асырап жүрген жұмысшы әйелдермен тілдескен едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.03.2025
-
Арулар, асыл жандар, ауыр жұмысты нәзік қолдарымен іске асырғандар...
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні барша бұрымдылар үшін айтулы мереке екені белгілі. Үй шаруасындағы әйелден бастап үлкен ұжымды басқарып отырған бизнес ледиге дейін көктемнің бұл күнінен ерекше жылылық күтеді. Дәл осы ретте BAQ.KZ тілшісі ер азаматтармен бірге иық тіресе ауыр еңбек етіп жүрген қыз-келіншектердің бұл мерекеде қандай сыйлық алғысы келетінін сұрап-білді.
08.03.2025
-
Қазаншы да, қазбашы да бір адам
Түркістанның "Жылу" мекемесінде 15 жылдан бері бас қазаншы болып жұмыс істейтін Ерік Исабеков әр маусым сайын мыңдаған тұрғынды жылумен қамтамасыз етудің ауыр да жауапты ісін атқарып келеді.
06.03.2025
-
Біз кітаппен өскен буынбыз - кітапханашы
Кітапханашы – руханияттың шырақшысы секілді. Көбіне елеусіз қалатын мамандықтың мәні жоғары. Осы ретте ғұмырын осы салаға арнаған Жетісу облыстық Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының библиографы Ғалия Ешенова әңгімелескен едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.03.2025
-
Темір тұлпардың "дәрігері" – автокөлік жөндеуші
Қоғамда әр мамандықтың өз орны бар. Бірі білім берсе, енді бірі емдейді, ал үшіншілері адамдардың күнделікті өмірін жеңілдетуге үлес қосады. Солардың бірі – көлік жөндеушілер, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
04.03.2025
-
Неге біздің елде электриктер орталығы жоқ? – Әмірбек Садықбеков
Түркістан қаласының электригі Әмірбек Садықбеков – 14 жылдық тәжірибесі бар маман.
19.02.2025
-
"Биікке шыққан ұнайды": Краншы қыздың жұмысы қалай өтеді
Құрылыс саласында 12 жылдан бері жұмыс істейтін краншы қыздың бір күні қалай өтеді. «Еңбекқор ел» жобасынан тамашалай аласыздар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
19.02.2025
-
Еңбек ері: Жастарға берер кеңесім – адам жұмысты беріліп істеуі керек
Былтыр Республика күні қарсаңында Қазақстан тарихында тұңғыш рет екі бірдей ұстаз «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды. Соның бірі - оралдық Эльмара Асқарқызы Траисова. BAQ.KZ тілшісіне Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясында орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін ұлағатты ұстаздан сұхбат алудың сәті түскен еді.
18.02.2025
-
Медбике: Жансақтау бөліміндегі жұмыс өмірді бағалауды үйретті
Ауруханада дертіне шипа іздеген жандарды емдеу, оларға күтім жасауда медбикелердің алатын орны ерекше екені баршаға белгілі. Дәл осы мамандардың шыдамдылығы, күш-жігері мен адам өмірін сақтап қалуға деген құлшынысының арқасында пациенттер өмір сүруге екінші мүмкіндік алып жатады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
17.02.2025
-
Қос жұмысты қатар алған азамат – Абзал Қасенов
"Еңбегің егіз болса, байлығың сегіз болады" деген халық мақалын ұранға алып, қос жұмысты қатар алған азаматтарымыздың бірі – Абзал Қасенов. Ол бір күн студенттер жатақханасында күзетші болса, қалған екі күні электрик болып қызмет етеді. Яғни, аптасына жеті күн жұмыс істейді. Қазақ үйлерінің шаңырағында шам жағып, студенттердің ықыласына бөленіп жүрген жұмысшы адамы. Осы ретте BAQ.KZ тілшісі Абзал Қасеновпен тілдесіп, жұмыс жолы туралы сұрап, қос мамандықтың қызығы мен шыжығынан сыр шертті.
14.02.2025
-
Немерелерім де ата кәсіпті жалғаса деймін – темірдей теміржолшы
Ғасырға жуық уақыт шеңберінде теміржолда жұмыс істеп келе жатқан Сегізбаевтар отбасын бірі білсе, бірі білмейді.
10.02.2025
-
Бас онколог: Қатерлі ісікке қарсы күресті бір сәтке де тоқтатқан емеспіз
Күн сайын айналамызда онкоауруға шалдыққан адамдар саны артуда. Ал статистика тіптен қорқынышты. Елімізде әр екі күн сайын үш әйел жатыр мойны обырынан көз жұмады. Соның ішінде, гинекологиялық обырдың үлесі – 11,5%, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
31.01.2025