экономика
-
Қазақстанда шина өндіру туралы инвестициялық келісімге қол қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің Қостанай облысына жұмыс сапары шеңберінде бірқатар инвестициялық келісімдерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен «KamaTyresKZ» ЖШС арасында қол қойылды. Шина зауытын салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыруға негіздемелік келісімге, инвестициялық келісімшартқа қол қойылды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
28.03.2021
-
Асқар Мамин жағымды көрсеткіштерді тізіп шықты
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкіметте өндеу өнеркәсібі саласын дамыту талқыланған болатын. Премьер-министр Асқар Мамин жағымды көрсеткіштерді тізіп шықты.
16.03.2021
-
Мемлекеттік бюджетке қанша кіріс түскені айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылғы қаңтар-ақпандағы мемлекеттік қаржының атқарылуы жайында Үкімет отырысында Ерұлан Жамаубаев баяндады. Министр мемлекеттік бюджетке 1,4 трлн теңге кіріс түскені туралы айтты.
11.03.2021
-
Қарағандылық кәсіпорындар 560,5 млрд теңгеге өнім өндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында екі айда 560,5 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Инвестиция көлемі 85,5 млрд теңгені құрайтын 14%-ға өседі деп күтілуде.
11.03.2021
-
«Жезқазған-Қызылорда» күре жолы еліміздің экономикасына серпін беретін жоба – әкім
Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылдың III-VI тоқсанында «Жезқазған-Қызылорда» бағытындағы жолдың құрылысы басталады деп жоспарлануда.
09.03.2021
-
Елдің 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес еліміздің 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді.
09.03.2021
-
Қытай Қазақстанда 56 заманауи кәсіпорын салады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев ҚХР Коммерция вице-министрі Ван Шоувэнмен (Wang Shouwen) Қазақстан-Қытай «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін үйлестіру тетігінің 2-ші отырысына дайындық бойынша келіссөздер өткізді.
05.03.2021
-
Биыл елімізде мұнай өндіру көлемі 86 млн тоннаға дейін өсуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 86 млн тоннаға жетуі мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында айтты.
05.03.2021
-
Әйелдер әлеуметтік бастамалардың көшбасшысына айналып келеді – Сүлейменов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменов «Әйелдер кәсіпкерлігі жаңа жағдайда: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» атты конференцияда айтты.
04.03.2021
-
ШҚО-да 2 ет өңдеу кәсіпорнының құрылысы жүріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да қуаттылығы жылына 19 мың тонна болатын 2 ет өңдеу кәсіпорнының құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов есептік жиынында айтты.
27.02.2021
-
Макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім әзірленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев «ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық банкі және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арасындағы макроэкономикалық саясаттың 2021-2023 жылдарға арналған шараларын үйлестіру бойынша келісім» тақырыбында өткен Үкімет отырысы аясында айтты.
23.02.2021
-
ШҚО-да ұсынылатын жобалардың 70% ауыл шаруашылығына қатысты
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Былтыр «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша құпталған 250 жобаның басым көпшілігі ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету және туризм салалары бағыттарын қамтыды.
22.02.2021
-
Жыл басынан бөлшек сауда көлемі 789,4 млрд теңгені құрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл 2020 жылғы тиісті кезеңіне қарағанда 4,6 пайыз аз, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
18.02.2021
-
Қызылордадан Германияға 685 тонна қамыс экспортталған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында шет елге қамыс экспорттау басталған. Алғаш рет Германияға 685 тонна қамыс жөнелтілген. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова халық алдындағы есебінде баяндады.
18.02.2021
-
Қытайға қанша мұнай экспортталғаны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Былтыр Қытайға 12 миллион тонна мұнай экспортталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Данияр Берлібаев айтты.
16.02.2021
-
Мамин: Экономиканың тұрақтылығы халықтың табысының төмендеуіне жол бермейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің онлайн отырысында премьер-министр Асқар Мамин экономиканың тұрақтылығы халықтың нақты табысының айтарлықтай төмендеуіне жол бермеуге мүмкіндік бергенін айтты.
16.02.2021
-
Ким Чен Ын елдегі сәтсіздіктер үшін шенеуніктерді кінәлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын елдің экономикалық сәтсіздіктері үшін шенеуніктерді айыптады. Ким Чен Ын экономикалық даму бойынша жоғары шенді шенеунік Ким Ту Ирді жұмыстан шығарды.
13.02.2021
-
«Ел үміті» жобасына қатысушылар экономиканы дамыту бойынша 150-ден астам бастама әзірледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин «100 нақты қадам» ұлт жоспарын сапалы орындау мақсатында Елбасының «Ел үміті» бастамасы аясында іске асырылған өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасына қатысушылардың форумын өткізді.
12.02.2021
-
Қазақстан қаржы нарығының ахуалы қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ақпаратына сүйенсек, 2020 жылы экономиканы кредиттеу 5,5%-ға ұлғайып, 14,6 трлн теңгеге жетті. Ал шағын және орта бизнеске берілетін кредиттер 7,1%-ға, яғни 4,2 трлн теңгеге дейін өсті.
09.02.2021
-
Қазақстан «жасыл» энергияны дамытамыз деп шетелден 613 млн доллар алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан жаңартылатын энергия саласына шетелден 613 млн доллар көлемінде инвестиция тартқан. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Үкімет отырысында айтты.
09.02.2021