Nike Ресей нарығынан кетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық спорттық киім мен аяқ киім өндірушісі Nike Ресей нарығынан кетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Компания мұндай шешімді қабылдауға не себеп болғанын айтпады. Ресейдегі жұмысы нақты қашан тоқтайтыны да жарияланбады.

Мамыр айында компания қызметкері операциялық мәселелерге байланысты Nike ресейлік серіктестермен іскерлік шартты ұзартпау және жаңа іскерлік шарт жасаспау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бірақ ол кезде компания өз қызметкерлеріне төлемін әдеттегі режимде жүргізген болатын. 

Ресейліктерге өз өнімін сатуды құрамына ZARA, Bershka, Pull & Bear, Oysho, Massimo Dutti және басқа брендтер кіретін Inditex компаниясы да тоқтаты. Ол Ресейдегі дүкендері мен онлайн сатылымдарды толықтай жауып тастады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы