дін
-
Бараат түнін қалай өткізу керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бараат – мұсылмандар үшін ерекше түн, сондықтан осы түнді барынша құлшылықпен, дұғамен өткізген жөн әрі Алланың алдында ұнамсыз амалдардан тыйылу қажет.
28.03.2021
-
Құдайы аста тәбәрік, жыртыс таратуды шариғат талап етпейді
Атырау, BAQ.KZ тілшісі . Жаназа шығару, құдайы садақа беру, зират салудағы діни рәсімдер әр өңірде әртүрлі. Осыны бір ізгілікке салу қажет. Атырау облысының бас имамы Албынбек Ұтысханұлы жергілікті жұртты Қазақстан Діни басқармасының қағидаларымен таныстырды. Айтуынша өліге зәулім сарай салу шариғатқа сай емес.
18.03.2021
-
Алматыда жұма намазын мешітте өткізуге уақытша тыйым салынды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Ерғали Көшеке қаланың қызыл аймаққа өтуіне байланысты діни нысандардың жұмысына шектеулер енгізілгенін мәлімдеді.
11.03.2021
-
Бас мүфти 100 отбасына ережеп сыйлығын берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына барған сапарында жамағатты қасиетті Ережеп айының келуімен құттықтап, сауабы мол айдың құрметіне 100 отбасыға арнайы сыйлық үлестірді.
26.02.2021
-
Жыл сайын елімізде 500 теолог, 200 дінтанушы дайындалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов дін саласында оқып жатқан студенттермен онлайн кездесу өткізді.
18.02.2021
-
Шығыс Қазақстан жастары діни экстремизмнің алдын алуда
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Былтыр Глубокое ауданының жастары терроризм мен діни экстремизмге қарсы шаралармен кең ауқымда қамтылды.
10.02.2021
-
Бір жылдан кейін алғаш рет жұма намазы оқылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы киелі Түркістан облысына ресми сапармен барды. Сапар барысында бас мүфти Отырар ауданы Шәуілдір елдімекеніндегі «Есен ана» мешітінде жұма намазын жүргізді.
06.02.2021
-
«Рухани жаңғыру» Қазақстан халқына үлкен рух берді – Наурызбай Тағанұлы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти болып Наурызбай Тағанұлы Сенатта өткен «Ұлттық құндылықтар – рухани жаңғырудың негізі» тақырыбына арналған дөңгелек үстелде айтты.
18.11.2020
-
«Халық арна» тек діни мазмұндағы телебағдарламалармен шектелмейді - Ершат Оңғаров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚМДБ төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Халық арна» телеарнасының жұмысына қатысты өткен онлайн брифинг барысында айтты.
07.11.2020
-
Дін тақырыбындағы ақпаратты абайлап тарату керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен Дін мәселелерін зерттеу орталығы «Ақпараттық кеңістікте дін саласындағы өзекті тақырыптарды жариялау бойынша БАҚ өкілдері мен блогерлерге арналған семинар-тренингін» өткізді.
23.10.2020
-
Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен дін саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын талқылау бойынша кеңес өтті.
14.10.2020
-
Діни бостандық мәселесі талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М. Әзілханов «LYNC» үкіметтік емес ұйымының президенті У. Кьюсакпен және Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығының төрағасы А. Клюшевпен кездесті.
12.10.2020
-
Ақтауда республикалық азаншылар жарысы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай өтетін «Әдемі әуезді азаншы» -IV республикалық азаншылар жарысына дайындық пысықталды.
09.10.2020
-
Құқық және дін мәселелері жөніндегі Халықаралық симпозиум өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бригам Янг Университетінің (АҚШ) жанындағы Заң және дін саласындағы халықаралық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен Заң және дін мәселелері жөніндегі виртуалды форматта ХХVІІ Халықаралық симпозиум өтті.
06.10.2020
-
Әл-Фараби–1150: Эссе жазу байқауының жеңімпаздары марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған қалалық «Мейірімді қала тұрғындары» атты эссе конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.
01.10.2020
-
Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобына арналған семинар өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығы ҚР Ұлттық музейінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған семинар өткізді.
25.09.2020
-
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен, ҚМДБ жанындағы Республикалық ақпараттық - ағарту тобының мүшелерімен кездесті.
21.09.2020
-
Қауіпті желілер: Деструктивті діни ағымдар адам арбауды жалғастыруда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүкіл әлемде пандемияға байланысты түбегейлі өзгерістер болып, көптеген қызмет түрі онлайн режимге өткені белгілі.
17.09.2020
-
«Жусан» операциясы арқылы елге оралғандармен кездесу өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының Маңғыстау облысы бойынша жетекшісі Ақмарал Қазиеваның ұйымдастыруымен былтыр «Жусан» операциясымен шиеленіс аймағынан елге аман-есен оралған бір топ қандасымызбен кездесу өтті.
16.09.2020
-
Тәңіршілдік дін бе, әлде наным-сенім бе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде тәңіршілдік діннің жаназасы деген видео тарауда. Онда арабша Құран оқылмайды және дұғадан кейін бет сипамайды. Бұл видеоға қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов пікір білдірді.
14.09.2020