ақпарат
-
Семейде 3,5 мыңнан астам жаңа көше шамдары орнатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласында көшені жарықтандыру жүйесін жаңғырту жобасы аясында 3 700-ден астам жарықдиодты шам орнатылды. Бұл орнатылуы тиіс жоспарланған шамдардың жартысы ғана, деп хабарлады ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
21.07.2021
-
Мамин Ақтаудың туристік аймағын дамыту жобаларының іске асырылуын тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірге жұмыс сапары барысында Асқар Мамин облыс әкімі С. Трұмовтың өңірде мал шаруашылығы саласында қалыптасқан жағдай және құрғақшылықтан зардап шеккен аудандарды жем-шөппен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндамасын тыңдады.
21.07.2021
-
Елордада 10 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде өткен баспасөз мәслихаты кезінде қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов хабарлады. Аталмыш игі іс тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылған.
21.07.2021
-
Қазақстан БҰҰ-да баяндама жасауды жоспарлауда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде «Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияны Қазақстан Республикасының орындауы туралы сегізінші-оныншы жиынтық мерзімді баяндаманы» әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлады министрліктің Телеграм каналы.
21.07.2021
-
Токио-2020: Қазақстандық боксшылардың жарыс кестесі белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио қаласында өтетін олимпиада ойындарында қазақстандық боксшылардың өнер көрсететін уақыты белігілі болды. Бұл туралы «Tokyo-2020: news and facts» Facebook парақшасында жария етілді.
21.07.2021
-
Көмекке мұқтаж 1500 алматылық құрбандыққа шалынған малдың етін алды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Құрбан айтты мерекелеудің карантиндік шараларының сақталуын бақылау жалғасуда, қалаға 600-ден астам мал басы құрбандық шалу үшін кіргізілмеді.
21.07.2021
-
Елорда әкімі қала тұрғындарын вакцина алуға шақырып, үндеу жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қала тұрғындарына өздерін, жақындарын және айналасындағы жандарды қорғау үшін вакцина алуға шақырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
21.07.2021
-
#Желмая. Ұлы Жібек жолы бойындағы көне Тараздың бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай?
Жамбыл облысы, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек.
21.07.2021
-
Тоқаев белгілі кардиохирург Серік Бекбосыновтың отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі кардиохирург Серік Бекбосыновтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.
21.07.2021
-
Өскеменде қоқысты сұрыптау кешенінің құрылысы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, Өскемен қаласының әкімшілігі және ӨКМ операторы басшылығы Шығыс Қазақстан облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау бойынша алғашқы зауыттың құрылысымен танысты.
21.07.2021
-
Британдық дизайнер маскадан қалыңдық көйлегін тікті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияда той жасауға енгізілген шектеудің алынуына байланысты ерекше қалыңдық көйлігі таныстырылды. Бұл туралы Hitched хабарлады.
21.07.2021
-
Тағы бір университет бас лицензиясынан айырылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шет тілдер және іскерлік карьера университеті бас лицензиядан айырылу алдында тұр. ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің қайта тексеру жұмыстары осындай нәтиже көрсетті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
21.07.2021
-
ДДСҰ басшысы пандемияның қашан тоқтайтынына болжам жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Егер 2021 жылдың аяғына дейін әр ел халқының 40%-ы коронавирусқа қарсы вакцина алса, онда әлем пандемияны тоқтата алады. Мұндай болжамды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус Токиода Халықаралық Олимпиада комитетінің 138-ші сессиясында сөйлеген сөзінде айтты.
21.07.2021
-
Ана мен баланы қолдау мақсатында МӘСҚ-тан 130 млрд теңгеден астам қаражат төленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ана мен баланы қолдау үшін 130,4 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.
21.07.2021
-
Әзірге дәрі-дәрмек қоры жеткілікті – Қалиев
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысы аумағындағы 23 денсаулық сақтау ұйыдарында 43 егу пункттері бар, олардың ішінде 15-і қалада, 28-і аудандарда орналасқан.
21.07.2021
-
Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
21.07.2021
-
КВИ мен пневмониядан 62 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 21 шілдедегі ақпаратты жариялады.
21.07.2021
-
«Славян базарында» бас жүлде алған әншіні көрермен әуежайдан күтіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін түнде астана әуежайында Витебскідегі «Славян базары» халықаралық байқауының бас жүлдесін иеленген Рухия Байдүкенованы көпшілік күтіп алды, деп хабарлайды aikyn.kz.
21.07.2021
-
Биткоин құны бір айда алғаш рет 30 мың доллардан төмендеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сейсенбіде таңертең биткоиннің құны бір айда алғаш рет 30 мың доллардан төмендеді.
21.07.2021
-
Қызылордада каналға құлап кеткен көлік ішінен екі адамның денесі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласындағы «Шіркейлі» каналының тұсында екі көлік соқтығысып, біреуі суға құлап кеткен. Көлік құтқарушылар күшімен жағаға шығарылды. Көлік салонынан екі әйелдің денесі табылды.
20.07.2021