«Славян базарында» бас жүлде алған әншіні көрермен әуежайдан күтіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін түнде астана әуежайында Витебскідегі «Славян базары» халықаралық байқауының бас жүлдесін иеленген Рухия Байдүкенованы көпшілік күтіп алды, деп хабарлайды aikyn.kz.
Қазақ халқына алғыс айтамын. Елдің махаббатын сезіну – мен үшін бақыт, маған көрсетілген ерекше құрмет. Жеңісімді халқыммен бірге тойлағым келеді. Бала күнгі арманыма қол жеткіздім, – деді Рухия Байдүкенова.
Әнші «Славян базарында» Гран-при иегері атанып, «Алтын лирамен» бірге 20 мың АҚШ долларына ие болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2529 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Келесі жаңалық
Су тасқыны: Құлсарының қазіргі күйі қандай
Өзгелердің жаңалығы