ақпарат
-
ШҚО-да блогерлер мен жастар арасында референдумның маңызы талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан университеттерінде блогерлер конституциялық реформаларды түсіндіру бойынша жастармен кездесулер өткізуде. Блогер және қоғам белсендісі Яков Федоров Amanzholov University студенттерімен кездесті, деп хабарлайды Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ баспасөз қызметі.
27.05.2022
-
Ақмола облысы агроөнеркәсіптік кешенде оң нәтиже көрсетіп отыр – АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2025 жылға дейін Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешенінде 265,9 млрд теңге сомасына 48 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, деп хабарлады өңірге жұмыс сапары барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.
27.05.2022
-
Павлодарлықтар судағы қауіпсіздік ережелерін елемейді
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің құтқарушылары дабыл қағып отыр. Шомылу маусымы басталмаса да, өзен-көлдерге түсіп жүргендер көбейген.
27.05.2022
-
Серік Сәпиев референдумға қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның спорт қауымдастығының қатысуымен республикалық референдумды қолдау іс-шарасы өтті.Жиын кезінде белгілі спортшы Серік Сәпиевтың атап өтуінше, қазіргі таңда әлемдік даму процесі өте жылдам сол себепті дер кезінде маңызды шешімдер қабылдай білу керек.
27.05.2022
-
Елордада «Соңғы қоңырау» тойлаған 96 жасөспірім полицияға жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда аумағында «Соңғы қоңырау» іс-шарасы өтті. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және үйден тыс жерлерде болуына жол бермеу, сондай-ақ қоғамға қарсы іс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында жергілікті рейдтік іс-шаралар жүргізілді, деп хабарлады қалалық ПД қызметі.
27.05.2022
-
Смайылов: Әрбір фермер бөлінетін қаражаттың игілігін көруі тиіс
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды, онда бірқатар өндірістік, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, агроөнеркәсіптік кешеннің, денсаулық сақтау саласының даму барысымен және инвестициялар тарту жұмыстарының жай-күйімен танысты, деп хабарлады primeminister.kz.
27.05.2022
-
10 мыңнан астам мүгедектігі бар адам санаторлық ем алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл 10 061 мүгедектігі бар адам, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалар санаторлық-курорттық емделуден өтті, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
27.05.2022
-
Ұлттық музей балаларға бақыт сыйлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Балалар жылы аясында «Бақытты бала» атты «Мейірім» балалар шығармашылығының ІV инклюзивті музейлік фестивалі өтті.
27.05.2022
-
Отбасылық жанжал бойынша қылмыстық құқық бұзу 2 есеге өскен – Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
27.05.2022
-
Әркім өз үйін өзі басқарады. МИБ-тің ПИК-тен айырмашылығы қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. «Қазцентр ТКШ» АҚ төрағасының орынбасары Марғұлан Әбдікәрімов жаңа басқарудың нысаны туралы айтып берді.
27.05.2022
-
Boeing Қазақстанның авиациялық билік орындарымен тығыз жұмыс істеуге ниетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның авиациялық билік орындары мен Boeing басшылығы арасында қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне Boeing компаниясының арнайы мамандары келді, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.
27.05.2022
-
Биыл елімізде 100 мыңнан астам отандық көлік шығарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық автобизнес қауымдастығының техникалық реттеу бойынша директоры Ербол Сейпілов биыл отандық көлік өндірісі артатынын айтты.
27.05.2022
-
Жеңілдетілген 4 пайыздық несиемен көлік алу жолдары қандай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық автобизнес қауымдастығының техникалық реттеу бойынша директоры Ербол Сейпілов 4 пайызбен берілетін автонесиені қалай алуға болатынын айтты.
27.05.2022
-
Президент Мырзатай Жолдасбековке құттықтау жеделхатын жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековті 85 жасқа толуымен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
27.05.2022
-
Қазақстан мен Қырғызстан авиация саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың көршілес республикаға ресми сапары барысында Бішкек қаласында өткен Қазақстан мен Қырғызстан басшыларының шағын және кеңейтілген форматтағы екіжақты кездесулеріне қатысты, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.
27.05.2022
-
Қырғызстаннан ерте пісетін көкөністерді сатып алатын боламыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 мамырда Бішкекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесті.
27.05.2022
-
Ұлттық ұланның авиациясы екі жаңа тікұшақпен толықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. “Қазақстан авиациялық индустриясы” ЖШС базасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясына сатып алынған екі жаңа жаңғыртылған Ми-171Е көпфункционалды тікұшағының тұсаукесері өтті, – өтті, деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
27.05.2022
-
БЖЗҚ салымшыларының жинағы 13 трлн теңгеге жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 13,0 триллион теңге. Зейнетақы жинақтарындағы инвестициялық табыстың үлесі жыл сайын өсіп келеді, деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметі.
27.05.2022
-
Қазақстан мен Марокко ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Марокко дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтуде.
27.05.2022
-
11 өңірде ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 27 мамырда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
27.05.2022