Серік Сәпиев референдумға қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның спорт қауымдастығының қатысуымен республикалық референдумды қолдау іс-шарасы өтті.

Жиын кезінде белгілі спортшы Серік Сәпиевтың атап өтуінше,  қазіргі таңда әлемдік даму процесі өте жылдам сол себепті дер кезінде маңызды шешімдер қабылдай білу керек.

Әр елдің конституциянына қажетті өзгерістер енгізіліп тұрады. Биыл біздің тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Бізге дер кезінде заман талабына сай өзгерістер енгізу керек. Партия мүшесі ретінде осы бір іс-шараға барлық спорт қауымын жинау қажет деп санадым. Баршаңызды референдумда белсенді болуларыңызға шақырамын, - деді Серік Сәпиев.

Іс-шараға Данияр Елеусінов, Илья Ильин, Абзал Ажгалиев, Серік Сапиев, Юсупова Әлия, Василий Левит, Мұхтархан сондай-ақ Ұлттық паралимпиада комитетінің, республикалық федерациялардың және спорт ұйымдарының басшылары қатысты.

Amanat партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек келер референдумдағы спорт қауымдастығының рөлінің маңыздылығын айтты.  

Белгілі споршыларға қарап түзелетін адам көп. Сондықтан да сіздер жауапкершілікті ала отырып,  көпшілікті конституциялық референдумға шақырады деген сенімдемін. Жалпы, бұл өзгерістер ең алдымен елге керек. Жаңа конституциямыз әр азаматтың мажоритарлық жүйеде сайлауға түсуіне мүмкіндік береді. Ел халқының азаматтары билік жұмысына тікелей атсалыса алатын болады, - деді Amanat партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы