ақпарат
-
Шымкентте 7 нысан республикалық маңызы бар киелі орындар тізіміне енді
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласында 7 нысан республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енді. Тағы 8 нысан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосылды.
31.05.2019
-
Өскемендегі электрондық билет жүйесі алдымен трамвайларға орнатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Электрондық билеттендіру жүйесі алдымен Өскемендегі 28 трамвайда, сосын 558 қоғамдық автобуста пайда болады. Бұл туралы altaynews.kz хабарлады.
31.05.2019
-
Еуропалық кеңес президенті мен Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ақордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық кеңес президенті Дональд Туск келіссөз өткізді.
31.05.2019
-
Жансақтау бөлімінде 377 күн жатқан сәби санавиациямен елордаға жеткізілді
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ақсу қаласының кішкентай тұрғыны жекеменшік мануальді терапевттің қабылдауынан кейін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Бүгін сәбидің өлім мен өмірдің ортасында жүргеніне 377 күн болды. Жас ата-ана көмек сұрап, жанайқайларын білдірген соң бала Нұр-Сұлтан қаласындағы ұлттық нейрохирургия орталығына санавациямен жеткізілді.
31.05.2019
-
Назарбаев университетін 900-ден астам түлек бітірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылы Назарбаев университетін 900-ден астам түлек бітірді. Бұл туралы бүгін салтанатты кеште университет президенті Шигео Катсу айтты.
31.05.2019
-
Солтүстік Кореяда дипломаттарға өлім жазасы кесілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ханойдағы саммит сәтсіз өткеннен кейін Солтүстік Корея басшысының бұйрығымен 5 жоғары лауазымды шенеунік өлтірілді.
31.05.2019
-
Қадір түні Алматыда 2500 адамға ауызашар беріледі
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қалалық Орталық мешітінде 2500 адамға ауызашар дастарханы жайылып, Қадір түнін мешітте күтушілер үшін 1500 адамға лайықталған сәресі беріледі. Бұл туралы Алматы қаласы Орталық мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.
31.05.2019
-
Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін мамыр айының 31-нен маусымның 1-не қараған түн - Қадір түні. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) «Қадір түнін Рамазан айының соңғы ондығындағы тақ түндерінен іздеңдер» деген.
31.05.2019
-
Қарқаралыда Құнанбай мен Абайға ескерткіш қойылды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының Қарқаралы ауданында Құнанбай Өскенбайұлы мен Абай Құнанбайұлының құрметіне ескерткіш орнатылды. Таза мыстан жасалған мүсіннің биіктігі 4 метрден асады.
31.05.2019
-
АИТВ инфекциясы «жасарып барады»
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында 300-ден астам адам АИТВ инфекциясын жұқтырған. Жұқпалы кесел жыл санап «жасарып барады». Олардың дені – 15-49 жас аралығындағы науқастар.
31.05.2019
-
КарЛагтағы Мамочкино моласында мемориалдық кешен пайда болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамочкино моласында жаңа ескерткіш пайда болады және оның аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Бүгін жобаны Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов мақұлдады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
30.05.2019
-
Елордада салалық терминология мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамандар терминологиялық қорды толықтыру қажеттілігіне тоқталды.
30.05.2019
-
Алматыдағы сауда орталығынан 600 адам қауіпсіз жерге көшірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқу-жаттығудың мақсаты-адамдар көп жиналатын жердегі өртті сөндіру кезінде Алматы өрт сөндіру бөлімшелері жеке құрамының дайындық деңгейін анықтау және өрт шыққан жағдайдағы қызметкерлердің іс-әрекеттерін бағалау.
30.05.2019
-
Елордада балалар жарақатының алдын алу мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтанда 2019 жылғы 26-31 мамыр аралығында өткізіліп жатқан Балалардың оқыс жарақаттануының алдын алу апталығы аясында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалар жарақатының алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
30.05.2019
-
Жетісайлық алғашқы қарбыздар экспортқа шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Жетісай ауданы Жайлаукөл елдімекенінің диқаны қарбыздың алғашқы 40 тоннасын Ресейдің Новосібір қаласына жөнелтті, деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
30.05.2019
-
Қарағандыда 86 көпбалалы отбасы баспаналы болды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда көпбалалы отбасыларды пәтермен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда. Бүгін қарағандылық 86 көпбалалы отбасы пәтер кілттеріне ие болып, қоныс тойын тойлауда.
30.05.2019
-
30 мамыр. Сайлау барысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 30 мамыр күні Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлауалды штабтары жүргізген жұмыстарды назарларыңызға ұсынамыз.
30.05.2019
-
Қарағандыда үздік мемлекеттік қызметкерлер анықталды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда «Үздік мемлекеттік қызметші» аймақтық байқауының алғашқы кезеңі өтті.
30.05.2019
-
Қытайды зерттеу орталығында Назарбаев ұсынған «Үш Д» бастамасы талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы Қытайды зерттеу орталығында мемлекеттік органдардың, талдау орталықтарының, университеттер мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жоғары деңгейлі Екінші форумның маңыздылығы мен қорытындыларын талқылаған сарапшылар кездесуі өтті.
30.05.2019
-
Биыл Түркістанда заманауи перзентхана ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістандағы №3 облыстық перинаталдық орталық 2007 жылдан бері халық игілігі үшін жұмыс істеп келеді. Облыстың орталығы болып халық саны артқан тұста перзентханада орын тапшылығын болдырмау мақсатында жуық арада қосымша жаңа ғимаратты пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
30.05.2019