Бүгін елордада Әлем чемпионаты басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Алтын жебе» әлем чемпионатына қатысатын спортшылар  «Nur-sultan ethno fest»  мерекесі өтетін этно-қалашықта соңғы даярлық-жаттығуларын жасады.

Кеше дүниежүзі мергендері бүгінгі бәсекеде жарыс жолына шығу реті бойынша этно-қалашықтың үлкен сахнасына жеребе тартуға жиналды.  Жарыс жеребесін тартудың салтанатты  рәсіміне Мәдениет және спорт министрлігі Денешынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Серік Сәпиев пен Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай қатысып, спортшыларға сәттілік тілеп, ат үстінен садақ атудан І әлем чемпионатын ашық деп жариялады.

Сондай-ақ, Денешынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Серік Сәпиев «Nur-sultan ethno fest»  мерекесі аясында өтіп жатқан дәстүрлі садақ атудан республикалық турнирге қатысушы спортшылардың жаттығу-дайындық шарасына барып, ұлттық садақпен нысана атып көрді.

«Алтын жебе» І әлем чемпионатында 12 мемлекеттің 24 мергені бақ сынайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы