Анықтама

Таубаев Нұрлан Бақтыбайұлы

1483

Қазіргі лауазымы:


Туған жылы: 1976 жыл

Туған жері: Атырау қаласында дүниеге келген.

Білімі: Атырау Мұнай және газ институтын, Қазақстандық экономика және құқық институтын,

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы – тау-кен инженері, заңгер, экономист-менеджер.


Еңбек жолын 1995 жылы «Экспресс-Юг» ЖШС-і директорының орынбасары болып бастаған.


1998-2000 жылдар аралығында «Денсаулық» ЖШС-і, «Ислам» ЖШС-і директоры,


2000-2006 жылдары Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, 

2006-2008 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігінің бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша монополияға қарсы басқармасының бастығы,

2008-2012 жылдары ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы,

2012-2014 жылдары ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Атырау облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясының бастығы,

2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің стратегиялық талдау басқармасының бас сарапшысы,

2015-2017 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы,

2017 жылдан 2018 жылдың 15 ақпанына дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарды.

2018-2019 жылдары Атырау облысы әкімінің орынбасары.

2020-2022 жылдары Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2022 жылы жемқорлық қылмысы бойынша 10 жылға сотталып, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы