Анықтама
Сарым Айдос Әміроллаұлы
1470
Қазіргі лауазымы: Парламент мәжілісінің депутаты
Туған жылы: 1976 жыл
Туған жері: Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетін тамамдаған.
Abai.kz қазақ интернет кеңістігін дамыту қорының негізін қалаушы, Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қоғамдық қордың құрушыларынан.
Ол әр жылдары ҚР Мұрағаттар мен құжаттамалар бас басқармасының бас инспекторы, кеңесшісі,
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері,
Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің директоры,
ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі,
"Ақ жол" партиясының баспасөз-хатшысы, кеңесшісі,
"Нағыз Ақ жол" партиясы тең төрағасының кеңесшісі,
"Жас Алаш"газеті бас редакторының орынбасары,
ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кеңесшісі қызметтерін атқарды.
2018 жылы 27 тамызда Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтің кеңесші болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі (17.07.2019-2022 ж.)
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі (09.2021 ж. бастап);
Жетінші сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (14.01.2021 жылдан бастап)
«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшесі (02.2022 ж. бастап)
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Құрылтайдың мүшесі (14.06.2022 ж. бастап)