Анықтама

Сабильянов Нұртай Салихұлы

3224

Қазіргі лауазымы: Ұлттық құрылтай мүшесі


Туған жылы: 1962 жылы 1 маусым

Туған жері: Семей облысы Аякөз ауданы Шыңқожа ауылында дүниеге келді.

Білімі: 1983 жылғы желтоқсан мен 1984 жылғы шілде аралығында Алматы халық шаруашылығы институтының дайындық бөлімінде оқыды.

1984 жылы тамызда Алматы халық шаруышылық институтының есеп-экономика факультетінің күндізгі бөліміне түсіп, 1988 жылы шілдеде осы аталған институттың толық курсын «бухгалтерлік есеп және шаруашылық жұмысын талдау» мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты, оған экономист деген біліктілік берілді.

1996 жылы Қазақ Мемлекеттік Заң Университетінің кәсіпкерлік-құқықтық факультетінің күндізгі бөліміне түсіп, 1999 жылы осы аталған университеттің толық курсын «құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп шықты, оған заңгер деген біліктілік берілді.


Шығыс Қазақстан облысы Аягөз, Жарма, Тарбағатай және Үржар аудандарының Құрметті азаматы. «2008 жылғы Білім меценаты». Ұлттық Қоғамдық «Алтын жүрек» сыйлығының «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша 2010 жылғы иегері.


Ол 1986 жылы Алматы қаласында болған Желтоқсан оқиғасына белсене қатысқан.


1988 жылдан 1990 жылға дейінгі аралықта Алматы электротехникалық зауытында экономист болып істеді.


1990 жылдан – 2004 жылдың қараша айына дейін Алматы қаласындағы «Сарыарқа» акционерлік қоғамында (2004 жылдың мамыр айынан «Сарыарқа Алуан» ЖШС) жұмыс істеді. Алдымен бас бухгалтер, ал 1996 жылдан бастап осы қоғамның қаржы жөніндегі вице президенті – бас бухгалтер қызметінде істеді және басқарма мүшесі болды.


1994 жылғы қараша айынан Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасының мүшесі. Жеті рет депутаттыққа кандидат болып, сайлауға қатысқан: 1994 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесіне, ал 1999, 2000, 2004, 2007, 2012, 2016 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне.


3 қараша 2004 жылдан 20 маусым 2007 жылға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің үшінші шақырылым депутаты, ШҚО №25 сайлау округі – Аягөз, Жарма, Үржар аудандары бойынша сайланған, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.


27 тамыз 2007 жылдан 15 қараша 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші шақырылым депутаты, «Нұр Отан» ХДП-ның партиялық тізімі бойынша сайланған, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.


18 қаңтар 2012 жылдан 20 қаңтар 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бесінші шақырылым депутаты, «Нұр Отан» ХДП-ның партиялық тізімі бойынша сайланған, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.


2007 жылы 4 шілдеден бастап 2013 жылы 17 қазанға дейін депутат Н.Сабильянов «Нұр Отан» партиясы Саяси Кеңесінің Бюро мүшесі болған, 25 мамыр 2014 жылдан бастап 20 қаңтар 2016 жылға дейін – «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракция жетекшісінің орынбасары болған.


2005 жылдан 2016 жылғы қаңтар айы аралығында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының экономика және қаржы жөніндегі Тұрақты комиссиясының мүшесі болған.


24 наурыз 2016 жылдан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылым депутаты, «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. 5 сәуір 2016 жылдан бастап – «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракция жетекшісінің орынбасары.


2016 жылдың 07 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы болып сайланды.

2021 жылы депутаттықтан кетті.

2022 жылы Президент жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі болып тағайындалды


Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 8-желтоқсандағы Жарлығымен мемлекетке сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін Сабильянов Н.С. «Шапағат» медалімен марапатталды. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006 ж.), «10 жыл Астана» (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015 ж.), "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" (2016 ж.), "Астана 20 жыл" (2018 ж.) мерекелік медальдарымен марапатталды. 


Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен республикаға сіңірген еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына және халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Сабильянов Н.С. «Құрмет» орденімен марапатталды. 


Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен "Парасат" орденімен марапатталды. 


Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің 2011 жылғы 15 мамырдағы қаулысымен Парламентаралық Ассамблея және оның органдарының қызметіне белсене атсалысқаны, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер халықтарының арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Сабильянов Н.С. «Содружество» орденімен марапатталды, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің 2013 жылғы 28 қарашадағы қаулысымен «За укрепление парламентского сотрудничества» медальмен марапатталды. 

Үйленген, Жұбайы – Оразбаева Нұрсәуле.  5 бала тәрбиелеп отыр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы