Анықтама
Рамазанова Ләззат Керімқұлқызы
2011Қазіргі лауазымы: ҚР Парламент мәжілісінің депутаты
Туған жылы: 1973 жылы 17 шілде
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысында туған.
Білімі: Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін, (1990-1995), Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген (1998-2001).
Еңбек жолын банк жүйесінде бастаған (1994-1995).
1995-1998 жж. – Қазақстан республикасының Майндағы Франкфурт қ. Бас консулдығы.
1998-1999 жж. – ҚР СІМ баспасөз-атташесі, Әкімшілік және бақылау департаментінің атташесі.
1999-2002 жж. – ҚР Қаржы министрінің хатшылығы.
2002 ж. – ҚР ЭБЖМ Халықаралық қаржы қатынастары департаментінің бөлім бастығы.
2003-2005 жж. – «Dala group» ЖАҚ Бас директорының кеңесшісі, кейіннен Бас директоры.
2006-2007 жж. – ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы.
2007-2008 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары.
2008-2009 жж. – ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитеті Алматы облысы бойынша Қаржы бақылау инспекциясы бастығының орынбасары.
2011-2013 жж. – ҚР ҚМ Қорғаныс, құқық қорғау жүйесі және мемлекеттік органдар саласындағы бюджеттік бағдарламалардың орындалуын талдау, іске асырылуын бағалау және жоспарлау департаментінің директоры.
2013-2019 жылдары - «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Хатшылығының меңгерушісі.
2015 жылдан - «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің Төрайымы.
2019 жылы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары.
2019 жылдың қазан айынан бастап «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының мүшесі.
2019 жылдың қараша айынан бастап «ECOJER» қазақстандық аймақтық экологиялық бастамалар қауымдастығы Кеңесінің Төрайымы.
2020 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның Төрайымы.
2021 жылдың 15 қаңтарынан жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалдары, мемлекеттік марапат: «Ерен еңбегі үшін» медалімен мараптталған.
Тұрмыста, төрт баласы бар.