Анықтама
Рақышева Әлия Ғалымжанқызы
2394Қазіргі лауазымы: Сенат Аппаратының басшысы
Әлеуметтік желіде:
- Туған жылы: 1980 жыл
- Туған жері: Алматы қаласында туған.
Білімі: 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.
2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық құқық және протокол департаменті, Халықаралық құқық және мемлекеттік мүліктік құқықтарды қорғау департаменті, Заңнамалық департаментінің жетекші маманы.
2002-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнамалық департаменті заң жобаларын сараптау және дайындау басқармасының бөлім бастығы, Заң жобалары қызметін үйлестіру, заңнаманы жүйеге келтіру департаментінің бөлім бастығы, Заңнамалық департаментінің бөлім бастығы, одан кейін басқарма бастығы.
2005-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппараты заң бөлімінің консультанты, меңгерушісі.
2007-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы әкімшілік басқармасының бастығы – аппарат басшысы.
2013-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі.
2018 жылғы сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.
2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды
2020 жылдың мамырынан Сенат Аппаратының басшысы
Орыс, ағылшын (сөздік бойынша) тілдерін меңгерген.
«Ерен еңбегі үшін» (2008 ж.) медалімен марапатталған.