Пішембаев Мереке Құдайбергенұлы
Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі
Туған жылы: 1962 жылы 19 желтоқсан
Туған жері: Павлодар облысында дүниеге келген.
Білімі: Өскеменнің жол құрылысы институтын,
Қазақ мемлекеттік Басқару академиясының Нарық институтын,
Ресей президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Техника ғылымының кандидаты.
Еңбек жолын Павлодар облыстық автомобиль жолдары басқармасының аға жол мастері болып бастаған.
ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары департаментінің автомобиль жолдары және жол қорын дамыту бөлімінің бастығы,
Автомобиль жолдары департаменті директорының орынбасары,
Солтүстік Қазақстан автомобиль жолдары облыстық мемлекеттік мекемесінің директоры болып қызмет атқарған.
2002 жылғы наурыздан 2013 жылғы қазанға дейін «Қазақавтожол» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Бас директоры болып қызмет атқарды.
2013 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі болып тағайындалды.
2014 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы.
2019-2020 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы
2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі.
- Қаржы секторына арналған ЖИ: Ұлттық банк қандай технологиялар енгізуді жоспарлап отыр? 09:08
- АҚШ Иранға шабуыл үшін бес араб елінің аумағын пайдаланған 08:54
- Threads-тегі алаяқ: 23 жастағы астаналық әскерде зорлық көрдім деп ақша жинамақ болған 08:32
- Бүгін елдің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды 08:11
- АҚШ Таяу Шығысқа тағы 10 мыңға жуық әскер жіберуі мүмкін 07:48
- УЕФА Ақтауда салынатын жаңа стадионның тұжырымдамасын мақұлдады 07:14
- "Мейірімді тазару" акциясы ел бойынша волонтерлерді біріктірді 06:35