Анықтама
Өтеуілов Нұркен Әшімханұлы
2244Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
- Туған жылы: 1976 жылы 14 маусымда Алматы облысында туған
- Білімі: Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын бітірген
1998 жылы Ақмола қаласы Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына жолдамамен қызметке шақырылды
Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында актер
2000 жылы ҚР Жастар одағы сыйлығының, 2006 жылы Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының, 2012 жылы Астана қаласы әкімінің Гран-При арнайы сыйлығының иегері атанды
2011 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын иеленді.
«Сахнагер» ұлттық театр сыйлығының «Үздік актер» номинациясының иегері.
Сомдаған рөлдері:
- Ғ.Мүсірепов « Қыз Жібек» - Шеге
- М.Әуезов «Қанды азу» - Бораш
- «Қара Қыпшақ Қобыланды» - Қараман
- « Еңлік –Кебек» - Көбей
- «Абай» - жас Абай
- «Айман - Шолпан» - Көтібар
- Ш.Айтматов «Ана-Жер-Ана» - Бекташ
- « Ғасырдан да ұзақ күн» - Әбутәліп
- Ж.Мольер «Скапеннің айласы»-Скапен
- Б.Ұзақов «Үміт» - Замир
- У. Шекспир « Ромео мен Джульета» - Бенволио, Меркуцио
- Дж. Патрик «Қымбатты Памела» - Сол Бозо
- М.Фриш «Дон Жуанның думаны» - Дон Жуан
- Е. Жуасбек «Терең тамырлар» - Бас ағаш
- Ә. Нүрпейісов «Қан мен тар» - Еламан
- И.Штраус «Жұбайлар жұмбағы» - Генрих
- У.Шекспир «Гамлет» - Гамлет
- Ш. Мұртаза «Бір кем дүние» - Нәпіл
- А.Вальехо «Күн сәулесі түспеген» - Марио
- Ж.Ануй «Жалын жұтқан Жанна Д’ Арк» - Король
- А. Чехов «Шие» - Балташ
- М. Әуезов, Қ. Ысқақ «Қараш-қараш» - Жарасбай
- С.Тұрғынбекұлы «Шәмші» - Шәмші
- У.Шекспир «Отелло» - Яго
- К.Кизи «7+1» - Макмёрфи
Жетістіктері:
2000 жылы ҚР Жастар Одағы сыйлығының лауреты.
2001 жылы - Қызылжар театр фестивалінде Скапен образы үшін «Ең үздік ер ролі» номинациясымен марапатталды.
2006 жылы - ҚР Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреты.
2012 жылы - Астана қаласы әкімінің арнайы сыйлығының Гран при иегері.
2012 жылдың 20-26 қазан аралығында Алматы қаласында Орталық Азия Мемлекеттерінің IV Халықаралық Театрлар фестиваліне әлемдік классиканың хас шебері, ұлы жазушы У.Шекспирдің "ГАМЛЕТ" трагедиясымен қатысты. Гамлет бейнесі үшін - "Ең үздік ер бейнесі" номинациясын жеңіп алды.
2011 жылы «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағын иеленді.
2016 жылы Н.Өтеуілов «Балташ» рөлін кескіндеген А.Чеховтің «Шие» комедиясы Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXIV республикалық фестивалінен «Үздік спектакль» номинациясы иегері атанса, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Орта Азия мемлекеттерінің «Қазақстан – Еуразия жүрегі» VI халықаралық Қазақстан драма театрларының фестивалінен Гран-При жүлдесін ұтып алды.
2017 жылы Челябі қаласында (Ресей) МАУ «Спартак балалар мен жасөспірімдердің кино-театр орталығы» өткізетін «CHELoBEK ТЕАТРА» V Халықаралық кіші форм театр фестиваліне Н.Өтеуілов «Балташ» рөлін кескіндеген рөлін кескіндеген А.Чеховтың «Шие» комедиясы Татарстан Республикасының Қазан қаласында өтетін Түркі халықтарының XIII «НАУРЫЗ» Халықаралық театр фестивальдерінен театр сарапшыларының жоғарғы бағасын алды. Қоюшы режиссері –Якутияның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ресейдің ұлттық театрларының арасында өтетін «Золотая маска» сыйлығының иегері Сергей Потапов.
2017 жылы Жанат Хаджиев атындағы І аймайқтық театрлар фестивалінде «Жанат Хаджиев атындағы арнайы номинация» игері атанды.