Анықтама

Қиясов Ерлан Аңсағанұлы

1252

Қазіргі лауазымы: ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ұлттық сараптама орталығының басқарма төрағасы


Әлеуметтік желідегі расталған парақшасы: 

Туған жылы: 1973 жыл

Туған жері:  Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі: 1997 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін «Санитария, гигиена, эпидемиология» мамандығы, 

2005 жылы Орталық Азия университетін «Қаржы және несие» мамандығы, 

2018 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Менеджмент» мамандығы  бойынша тәмамдаған.


1990 жылы «Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің санитары болып бастаған.

1997-1999 жылдары – Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Әуе көлігіндегі Орталық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында балалар және жасөспірімдер гигиенасы, коммуналдық гигиена, еңбек гигиенасы, тамақтану гигиенасы бөлімшелерінің санитариялық дәрігері, санитариялық-эпидемиологиялық пунктінің эпидемиолог дәрігері.

1999-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медицина орталығының Санитарлық-эпидемиологиялық станциясы оперативті бөлімінің меңгерушісі, жалпы гигиена жөніндегі санитариялық дәрігері.

2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медицина орталығының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы эпидемиологиялық бөлімінің бастығы.

2006-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медицина орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медицина орталығы басшысының орынбасары.

2020 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері лауазымына тағайындалды.

2022 жылы қаңтарда өз өтінішімен Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері лауазымынан босады.

2022 жылы 15 тамызда Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ұлттық сараптама орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы