Жалпы жаңалықтар
-
Курсанттар кәсіби тәжірибелерін шыңдады
Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 3-курс курсанттары кәсіби тәжірибеден сәтті өтті. Бұл туралы аталған институттың баспасөз қызметі хабарлады.
04.05.2019
-
Тоқаевтың Түркістан облыстық қоғамдық штабы құрылды
Түркістан облысы, BAQ.KZ. Бүгін 4 мамырдан бастап Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Түркістан облыстық қоғамдық штабы құрылды. Облыстық қоғамдық штабты бесінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған Ұласбек Сәдібеков басқарады.
04.05.2019
-
Қызғалдақ фестивалі: 500 домбырашы күй ойнап, 100-ден астам палуан күреседі
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Амангелді ауданында «Айналдым сенен, атамекенім» атты облыстық қызғалдақ фестивалі басталды. Іс-шара бағдарламасында қонақтар қолөнер көрмесін, ұлттық ойындар мен айтысты тамашалап, киелі орындармен танысады.
04.05.2019
-
Тоқаевтың кандидаттығын қолдайтын жастар қанаты құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Nur Otan партиясының орталық аппаратында Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының жұмысы жайында арнайы брифинг өтті.
04.05.2019
-
Түркістан облысында «Аманат» азаматтық алаңы жұмысын бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты өтті. Онда «Аманат» азаматтық платформасы Түркістан облыстық өкілдігінің жетекшісі Бектай Орманов сайлау науқаны бойынша мониторинг жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы облыстың өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
04.05.2019
-
Астаналық шеберлер көне қазақ қолөнерін жандандыруда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «I-qazaq» тарих және мәдениет орталығының және «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қолдауымен «Ұмытылған салт-дәстүрлердің өзектілігі мен дамуы» көрмесі өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
04.05.2019
-
Атырау облысы республика бойынша шетел инвесторларын тартуда көш бастап тұр
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сыртқы істер және Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қаржы және бюджет комитеті мүшелері Атырауға іссапармен барды. Атырау облысы республика бойынша шетел инвесторларын тартуда көш бастап тұр.
03.05.2019
-
Шығыс Қазақстанда екпеден бас тартатындар саны мардымсыз
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы 20 жылда елімізде қызылша 3 мың есеге, паротит – 140 есеге азайып, бірнеше дерттің түп-тамырына балта шабылған.
03.05.2019
-
Тек төлқұжат өткіздім – көмек алған 4 балалы ана
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордалық 4 баласы бар Айгүл Әбжалиева ай сайын 97 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алып отыр.
03.05.2019
-
ЖӘРДЕМАҚЫ - 2019: Мамыр бюллетені /инфографика/
Атаулы әлеуметтік көмек бойынша ағымдағы ахуал
03.05.2019
-
Мәжіліс депутаттары жастар кеңесінің отырысына қатысты
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жұмыс сапарымен Тобыл өңіріне табан тіреген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қостанай облысы кәсіподақ ұйымдарының жұмысшы жастар жөніндегі кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты.
03.05.2019
-
Бақыт Сұлтанов Алматы ауданындағы көпбалалы аналардың сұрақтарына жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов Алматы ауданының көпбалалы аналарымен кездесті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
03.05.2019
-
Алматы облысында "Айбалта-2019" әскери оқу-жаттығуы өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысындағы Көктал әскери полигонында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Айбалта-2019» әскери оқу-жаттығуы өтіп жатыр.
03.05.2019
-
FlyArystanның алғашқы ұшуларының нәтижелері
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұшулардың алғашқы күндерінде FlyArystan 2000-нан астам жолаушыны тасымалдады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
03.05.2019
-
Шымкентте дала өрті қаупінің алдын алу жұмыстары басталды
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте жыл басынан бері орман және дала өрттері тіркелмеген. Дегенмен, қала аумағында жазғы өрт қаупі мамырда басталып қараша дейін созылады. Осы кезеңде қала аумағында өртке, әсіресе орман және дала өрттеріне байланысты жағдай күрт қиындайды. Өрт саны көбейеді.
02.05.2019
-
Қазақстандық аспаздың «Еуропа дәмін сезін» кітабы жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі «Еуропа дәмін сезін» атты кітаптың тұсауын кесті. Еуропа күні қарсаңында жарық көрген кітап еуропалықтардың сүйікті тағамдарын бірге даярлап, дәмін көруге шақырады.
02.05.2019
-
Қасым-Жомарттың қырық күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне келгеніне 30 сәуір күні 40 күн толды.
02.05.2019
-
Нұр-Сұлтандағы өрттен зардап шеккен 11 бала ауруханада жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданындағы Халел Досмұхамедұлы көшесінде орналасқан жекеменшік бес қабатты жатақханадан өрт шықты.
02.05.2019
-
Алматыда «Достық дастарханы» атты ұлттық тағамдар фестивалі өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан халықтары ассамблеясының ұйымдастыруымен «Достық дастарханы» фестивалі өтіп жатыр.
02.05.2019
-
Шымкентте баспана кезегінде тұрғандарға жалдамалы пәтер берілді
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнінде Shymkent city қалашығында орналасқан 9 көпқабатты тұрғын үйлердің пәтер кілті тапсырылды. Ондаға 540 жалдамалы пәтер көпбалалы отбасыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа да әлеуметтік аз қамтамасыз етілген азаматтарға берілді.
02.05.2019