Тоқаевтың кандидаттығын қолдайтын жастар қанаты құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Nur Otan партиясының орталық аппаратында Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының жұмысы жайында арнайы брифинг өтті.

Брифинг барысында партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев партия тәжірибесінде алғаш рет Президент сайлауы кезінде қоғамдық штабтың «TeamQazaqstan» жастар қанаты да құрылғанын айтты.





«Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының құрамында 187 адам бар. Оның 33-і аталған жастар қанатының өкілі», - деді ол.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы