Жалпы жаңалықтар
-
Нұр-Сұлтан судың астында қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы екінші күн қатарынан жаңбырдан көз ашар емес. Бірнеше көшені су басқан. Бір түннің өзінде коммуналдық қызметкерлер 20 мың текше метрден астам жаңбыр суын сорып алды.
27.06.2020
-
Мәдениет министрлігі журналистерді марапаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі "Мемлекеттік тіл және БАҚ-2020" республикалық байқауы жеңімпаздарын марапаттады.
26.06.2020
-
Кешегі және бүгінгі Арыс
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Арыс қаласы. Таңғы мезгіл. Күн төбеден шақырайып тұр. Ауа температурасы +35°C! Қалада көліктер әрлі-берлі дамылсыз ағылуда. Тұрғындар алаңсыз тіршіліктерін кешіп жатыр. Бұл – бүгінгі Арыс.
24.06.2020
-
Қызылордада тұрғын үй өртеніп, 10 адам құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрт кезінде 7 адам эвакуацияланып, 10 адам құтқарылды. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
23.06.2020
-
Әр ата-ана балаларына үлгі болуы тиіс – учаскелік инспектор
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетаудағы ювеналды полиция бөлімшесі кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс, құқық бұзушылықпен белсенді күресуде. Осы салада 2004 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан аға учаскелік инспектор Айжан Көшкенова өз жұмысының қыр-сырымен бөлісті.
23.06.2020
-
Қазақстан полициясы: Мақсат пен мүдде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 23 маусым – Қазақстан полициясы күні.1992 жылғы 23 маусымда "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы" Заң қабылданды. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болатын. 2007 жылы 5 маусым күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз жарлығымен 23 маусымды "Полиция күні" деп бекітті. Осы уақыттан бастап бұл күн мерекеленіп келеді.
23.06.2020
-
Қаза болған қазақстандық жауынгерлерді Норвегияда еске алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Норвегиялық Лиллехаммер қаласы өңіріндегі Йорстадмоен әскери зиратында кеңес жауынгерінің монументіне гүл шоқтарын қою ресми шарасы өтті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
23.06.2020
-
Елдос Сұлтанов: Хирургтің міндеті – науқасқа дер кезінде көмек көрсетіп, аяққа тұрғызу
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Медицинаның өзі сан салаға бөлінеді. Соның ішінде хирургия ең күрделісі. Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Елдос Сұлтанов қазіргі жас мамандардың хирургия саласына көптеп келе бермейтіндігін, одан гөрі бір бағытқа ыңғайланатын бейінді маман болуды таңдайтынын айтты. 23 жыл осы саланың қиын да күрделі жолынан сүрінбей келе жатқан жоғары санатты дәрігер-хирургпен кәсіби мереке қарсаңында сөйлескен болатынбыз.
22.06.2020
-
Қордай оқиғасы: көпұлтты ауданның ертеңі қандай?
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысы аумағындағы Қордай ауданының бірқатар ауылдарындағы тұрмыстық жанжалдың орын алғанына да бірер ай өтті.
22.06.2020
-
Атырауда биыл 3 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда ҰБТ-ның алғашқы кезеңі басталды, деп хабарлады Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
21.06.2020
-
ҰБТ-2020. Алғашқы күн
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл ҰБТ-ның алғашқы күні 21 маусымға, жексенбіге түсіп отыр. Бірінші күні тек 6,5 мың талапкер емтихан тапсырады, бұл – тестілеудегі ең аз ағындардың бірі.
21.06.2020
-
Екі күндік карантинге жабылған Елорда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда екі күнге - 20-21 маусым күндері карантиннің күшейтілген режиміне ауысты. Осыған орай қала көшелерінен фоторепортаж тамашалаңыздар.
20.06.2020
-
Елімізде трансформаторға қажетті заттарды өндіретін кәсіпорындар сұранысқа ие
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Кентау қаласында орналасқан "МоноЭлеТех" ЖШС алты жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын. Ол "Кентау трансформатор зауыты" АҚ-ның қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін құрылған.
20.06.2020
-
Жақыныңа жақын бол: Павлодар онкологиялық диспансері жаңа ғимаратқа көшті
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысындағы онкологиялық диспансердің ұжымы кәсіби мерекелерін жаңа ғимаратта қарсы алмақ. Ескі нысанда орналасқан медицина мекемесінің барлық бөлімі заман талаптарына сай ғимаратқа көшірілді.
20.06.2020
-
Алматыда кең ауқымда дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда карантиндік шаралардың күшейтілуіне және сауда орталықтарының, базарлардың, саябақтар мен скверлердің, адамдар көп жиналатын орындардың жабылуына байланысты 20-21 маусым күндері коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында ауқымды дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
20.06.2020
-
Адам өмірін құтқарудан асқан жетістік жоқ – дәрігер
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Адам өмірін құтқару – оташы Құралбай Асановтың күнделікті жұмысы. Ол Қостанай облыстық ауруханасында 13 жыл еңбек етіп келеді. Осы уақыт ішінде ол бес мыңға таяу ота жасаған.
20.06.2020
-
Алматының мониторингтік топтары 3,5 мыңға жуық нысанды тексерді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда коронавирус инфекциясының таралуымен күрес аясында санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларының сақталуын бақылау бойынша мониторингтік топтар жұмыстарын жалғастыруда. 15 –18 маусым аралығындағы мониторингтік топтар ШОБ-тің 276 нысанын тексерді.
20.06.2020
-
Брюссельде "Тіл-Қазына" қазақ мәдени орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Брюссельде Қазақстанның Бельгиядағы елшілігі жанындағы "Тіл-Қазына" қазақ мәдени орталығы өз есігін ашты, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
20.06.2020
-
Қыркүйекте Күршімнің Ұранхай ауылында жаңа спортзал ашылады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мектеп ғимаратының дәлізінде денешынықтыру сабағын өткізіп келген ұранхайлық оқушылар алдағы оқу жылынан бастап жеке спортзалда жаттығатын болды.
20.06.2020
-
Есірткі қосылған тосап
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Тексеру" алдын алу іс-шарасын өткізу барысында тыйым салынған заттарды өткізудің 5 фактісінің жолы кесілді, деп хабарлады ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.
20.06.2020