Жалпы жаңалықтар
-
Көкшетауда ерекше эко-арт экспозиция ашылды
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облыстық өлкетану мұражайында «Өзгеше шынайылық» тақырыбымен ерекше эко-арт экспозициясының ашылуы өтті. «Жасыл» экономиканы негіз етіп алған көрмеде балалар көркемсурет мектебінде оқитын жасөспірімдердің шығармашылық жұмыстары, арт-нысандар ұсынылды.
09.06.2021
-
Жетісайда 90-ға жуық отбасы баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Жетісай қаласында үй кезегінде тұрған 88 мұқтаж отбасы баспаналы болып, қуанышқа кенелді.
08.06.2021
-
Біржолғы зейнетақы жинағы: 16 мыңнан аса қазақстандық ипотекалық қарызын толық өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған зейнетақы жинақтарын пайдалану жөніндегі бастамаларын орындау аясында 16 075 қарыз алушы бұған дейін банктерден тұрғын үйлері үшін алған жалпы сомасы 62 миллиард 41 миллион теңге ипотекалық қарызын толық өтеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.
08.06.2021
-
Көлгінов жазғы демалысты қалай тиімді өткізуге болатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аула клубтарының желісін кеңейтеміз. Қазір қалада 32 аула клубы бар, бұл шамамен 3 мыңнан астам баланы қамтуға мүмкіндік береді.
07.06.2021
-
Қызылордалық кәсіпкердің жиһаз өнімдері шет елдерге жөнелтілуде
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылордалық кәсіпкер Айдар Қыстаубаевтың жиһаз цехындағы өнімдер Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне жеткізілуде.
07.06.2021
-
Ақмолалық жас өнертапқыштар жаңа жобаларын таныстырды
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмолалық оқушылар робототехника бойынша әзірлеген STEM-жобаларын таныстырды. Олардың арасында дене температурасын өлшеуге және қолды антисептикпен өңдеуге арналған робот, омыртқаны түзеуге арналған құрылғы, Spider-bot және қалдықтарды кәдеге жаратудың «ақылды» жүйелері бар.
07.06.2021
-
«Жұлдызбен бір сахнада» жобасының алғашқы концерті өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық көрермендер «Жұлдызбен бір сахнада» жобасы аясында «FORTE-TRIO» мемлекеттік триосының концертін тамашалады.
06.06.2021
-
Елордада «BETPERDE» заманауи өнер кеші өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордамызда Tauel[di]siz шығармашылық бірлестігі «BETPERDE» заманауи кешін өткізді.
06.06.2021
-
BAQ liga-ның жүйелі чемпионаты өз мәресіне жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін волейболдан БАҚ өкілдері арасындағы BAQ liga-ның жүйелі чемпионаты өз мәресіне жетті.
06.06.2021
-
Ақтөбеде ұландықтар ерлікпен қаза тапқан батырларға тағзым етті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 маусым күні Ақтөбедегі №6655 әскери бөлімінде 5 жыл бұрынғы террорлық шабуыл кезінде ерлікпен қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алды.
06.06.2021
-
Сауда орталығында вакцина алғандарға сыйлықтар таратылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда орталықтары мен сауда үйлерінде вакцинацияланғандарға сыйлықтар таратылуда, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
06.06.2021
-
Петропавлда «QҮZҮLJAR art center» орталығы ашылды
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Ашық аспан астындағы орталық облыстық тарихи өлкетану музейінің ауласында орналасқан. Бұл жердің таңдалуы да тегін емес. Мұражай ғимараты 19 ғасырдың сәулет ескерткіші болып саналады, әрі мемлекет қамқорлығында. Тарихи деректерге сай бұл үйде көпес Стрелов пен кәсіпкер Аркельдің отбасы тұрған. Кешеннің бірнеше ғимараты бар. Енді, артқы ауласындағы дәлізде осы өнер орталығы құрылып отыр.
06.06.2021
-
«Бірге - таза Қазақстан»: Жыл сайын сенбілікке шығатын халықтың саны артып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Қоршаған ортаны қорғау күні» мен Экологтар күні аясында республика бойынша «Бірге - таза Қазақстан» акциясы өтті. Оған 120 мыңға жуық ерікті, эколог пен түрлі сала мамандары қатысты.
05.06.2021
-
Алматыда «Менің Туым» акциясы жалғасып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда «Менің Туым» акциясы өтіп жатыр. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
05.06.2021
-
Рәміздер күні: Шымкентте автокөлік шеруі жолға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай эстафета түрінде автокөліктер шеруі басталды.
04.06.2021
-
Елордада алғаш рет пластик бөтелке өткізетін фандомат ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада бөтелкелерді қайта өңдеуге қабылдайтын «Fandobox ecoplatform» автоматы пайда болды.
04.06.2021
-
Елордада Рәміздер күніне арналған концерт өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік Рәміздері күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының «Астана» концерт залында «Желбіреген көк туым» атты мерекелік концерт өтті.
04.06.2021
-
Назарбаевтан Ту алған спортшылардың қайсысы сенімді ақтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері 6 жазғы, 7 қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. Осы байрақты бәсекелердің барлығында Қазақстан туын салтанатты түрде ту ұстаушы спортшыға сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев тапсырып отырды. Енді биыл Токио Олимпиадасының қарсаңында спортшыларды Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайтын болады.
04.06.2021
-
Бүгінгі жастар артық тойлау мен ысырапшылдықты қаламайды – Қырымбек Көшербаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Біз – ел патриотымыз» халықаралық жастар форумында ҚР мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.
04.06.2021
-
«Біз – ел патриотымыз» халықаралық жастар форумы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордада «Біз – ел патриотымыз» атты халықаралық жастар форумы өтті.
04.06.2021