Жалпы жаңалықтар
-
«Насаб наме сұлтан Сыдық» кітабы қазақ тілінде жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық академиялық кітапханада қазақ тіліндегі «Насаб наме сұлтан Сыдық» кітабының тұсаукесері өтті.
27.03.2021
-
Құтқарушылар ШҚО-ның гидрологиялық жағдайын тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмыс тобы әуеден бақылау жасау үшін Казавиақұтқару АҚ-ның Еврокоптер ЕС-145 тікұшағын пайдаланып «Өскемен-Глубокое ауданы», «Шемонаиха ауданы-Өскемен» бағыттары бойынша жүзеге асырылды. Осы учаскелер өңірдегі гидрологиялық жағдайды анықтау мақсатында жүргізілді, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының ТЖД баспасөз қызметі.
27.03.2021
-
БҰҰ бітімгерлік миссиясына қатысқан тұңғыш қазақстандық әскери-дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның Ливандағы бітімгершілік миссиясы қазақстандық және үндістандық бітімгерлерді бірлесіп өрістету туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін басталды. 2018 жылдан осы уақытқа дейін «Ливандағы БҰҰ-ның Уақытша күштері» миссиясының құрамында қызмет атқаруға бес бітімгерлер тобы барды. Олардың қатарында БҰҰ бітімгерлік миссиясына қатысқан тұңғыш қазақстандық әскери-дәрігер Сәулет Қалдашов та болды. Сәулет Қалдашов «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы – Қазақстан Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасының аға офицері, медицина қызметінің подполковнигі, медицина ғылымының магистрі. Бүгін ел тарихына сүбелі үлес қосып, БҰҰ миссиясын абыроймен атқарып келген алғашқы дәрігермен сұхбаттасудың орайы келіпті.
27.03.2021
-
Агрохолдинг жаңалығы: Егіс алқаптарын смартфонмен бақылайды
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Олжа Агро» агрохолдингі басқару жүйесіне цифрлы технологияны енгізуді белсенді жүргізіп келеді. Кәсіпорын осы игіліктің арқасында ауа райының қолайсыздығына қарамастан, облыс бойынша орташа деңгейден асатын өнім жинап отыр.
27.03.2021
-
Оқу-жаттығу. Десантшылар парашютпен секірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері парашютпен секірді. Елу офицер мен келісімшарт қызметіндегі әскери қызметшілер Д-1-5У парашютімен оқу-жаттықтыру секіруін орындады.
26.03.2021
-
Министр Алматыда КВИ-ге қарсы күресті күшейтуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой санэпидбақылау, аймақтық департамент мамандарының, жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен КВИ-мен күрес жөніндегі штабтың көшпелі отырысын өткізді.
26.03.2021
-
Еліміз бойынша көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райы жағдайына байланысты Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Қостанай, Ақмола, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының 276 елді мекенін су басу қаупінің жоғары деңгейі сақталуда, ол жерлерде 270 мыңнан астам адам тұрады.
26.03.2021
-
Қостанайда автоөндірісі басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қостанай облысына жұмыс сапары аясында автомобиль жасау және ауыл шаруашылығы техникасын өндіру саласындағы инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тексерді.
26.03.2021
-
ШҚО шаруалары озық технологияларды өз істерінде сәтті қолдануда
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қолдаудың арқасында ісін өрге бастарған шығысқазақстандық «Май дақылдары тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС-і 400 адамның нәпақа табуына қолғабыс етуде.
26.03.2021
-
Ақмолалық шаруашылық ешкі сүтінен 45 түрлі өнім шығаруда
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысындағы «Зеренді» асыл тұқымды шаруашылығының ешкі сүтінен өндірген экологиялық таза өнімдеріне сұраныс артып келеді.
26.03.2021
-
Қапшағай жағасында медициналық бұйымдардың қалдығы шашылып жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде Қапшағай көлінің жағасында қолданылған медициналық инелермен басқа да бұйымдардың шашылып жатқан видеосы тарады.
26.03.2021
-
Түркістанда ұшатын театр ашылады
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында орналасқан «Керуен сарай» туристік кешенінде әлемде теңдесі жоқ ұшатын театр ашылады.
26.03.2021
-
«30 Еңбек Елшісі» жобасының жеңімпаздарын министрлікте жұмыс істеуге шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ғимаратында «30 Еңбек Елшісі» республикалық кәсіподақ жобасы жеңімпаздарының Қазақстан Республикасының Парламенті мен Үкіметінің өкілдерімен кездесуі өтті.
25.03.2021
-
Қостанайлық диқандардың көктемгі науқанға дайындығы қалай?
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Аймақта қарақұмық алқабы 10,5 мың гектарға дейін ұлғайтылады. Егістіктен шамамен 6 мың тонна өнім алынады. Бұл облыс халқының қарақұмық жармасына жылдық қажеттілігін жабуға жеткілікті.
25.03.2021
-
Тауға құс қайтып келмесе де, үні үзілмесін. Ұлытаулық шебер ерекше аспап дайындады
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Музыкa aдамның асқақ, асыл ойлары, ізгі тілектері, қуанышы, қайғы-қасіреті мен әртүрлі сезімдері бейнеледі. Тaрихи деректерге жүгінсек, халық өнерінің қоры шексіз де, музыкaлық aспaптaрдың түрі көп болған. Сол ұмыт болған қaзaқ хaлқының aспaптaрын қaйтa жaңғыртып, олардың кең түрде нaсихатталуынa еңбек сіңіріп жүрген шебер, музыкан Азамат Бақиямен тілдесіп көрген едік.
25.03.2021
-
Suretwi. Алғашқы табысымды 17 жасымда таптым – иллюстратор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бейнелеудің бір саласы саналатын иллюстрация өнері елімізде қарқынды дамымаса да жастар арасында белең алып келе жатыр. Иллюстрaция деген не? Иллюстрaция дегенiмiз белгiлi бiр шығармаға (ертегi, aңыз, әңгiме, роман, өлең) aрнaлып сaлынғaн суреттер. instagram желісінде ерекше иллюстрацияларымен көзге түсіп, көпшіліктің қызығушылығын тудырып, көзайымына айналып келе жатқан Ерке атты лақап атымен танымал бола бастаған Жанар атты суретші қызбен сұхбаттасқан едік.
24.03.2021
-
Қарлы боран. 1100-ден астам көлік жолда қалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 23 наурызда "Қазгидромет" РМК деректері бойынша 12 өңірде (Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан және СҚО) дауылды ескертулер жарияланды.
23.03.2021
-
Футбол. Премьер-лиганың екінші туры несімен есте қалды
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан премьер-лигасына әрбір турына шолуды жалғастырамыз. Бұған дейін бірінші тур туралы жазғанбыз. Бұл жолы 2-турға тоқталып өтпекпіз.
22.03.2021
-
Ел астанасында 2 мыңға жуық отбасыға азық-түлік себеті табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасымен биыл Наурыз мерекесі «Қайырымды істер» ұранымен өтуде. Елордада 22-24 наурыз аралығында «Қайырымды істер» аясында 2 мыңға жуық әлеуметтік аз қамтылған отбасыға азық-түлік себетін тарату жоспарланып отыр.
22.03.2021
-
Бас мүфти Құнанбай қажы мешітінің ашылуына қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс келген жаңа мешіттің ашылуы рәсімі өтті. Игі шараға Семей өңіріне арнайы келген бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Абай ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров және жергілікті ақсақалдар қатысты.
22.03.2021