Қапшағай жағасында медициналық бұйымдардың қалдығы шашылып жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде Қапшағай көлінің жағасында қолданылған медициналық инелермен басқа да бұйымдардың шашылып жатқан видеосы тарады. 

Желі қолданушылары таратқан мәліметте медициналық қалдықтар Қапшағайдың «Восточный» шағын ауданындағы бөлігінде судан табылған. 


Видеодан қолданылған инелер мен медициналық системалардың ашықтан-ашық шашылып жатқанын көруге болады. Оның үстіне сол маңда балалар ойнап жүр.


Желі қолданушылары әлемде пандемияға қарсы күрес жүріп жатқанда, бізде медициналық қалдықтар шашылып, қалаға қатер төндіріп жатқанын жазуда.  


Бұл инелер мен системалар қандай ауруға қолданылғаны белгісіз. Олар коронавирус, ВИЧ және туберкулезге қолданылуы да мүмкін. Қапшағай қаласының өкілетті органдарын бұл бассыздықты жоюды сұраймын. Суға түрлі заттарды тастамас үшін қоршау қойып, жедел түрде тиісті шара қолдануларыңызды сұраймыз, - деп жазды shamaevamarianna атты желі қолданушысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы