Жалпы жаңалықтар
-
Елордада оқушылар арасында шығармашылық фестиваль өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Корей мәдениеті апталығы» мектепішілік іс-шарасы аясында «K-Pop Fest 2022» шығармашылық фестивалі өтті.
11.03.2022
-
«Мұқағали» фильмі Үндістанда көрсетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі қазақстандық режиссер Болат Қалымбетов түсірген «Мұқағали» көркем фильмі Үндістанда наурыздың 18-25 аралығында өтетін 26-шы Халықаралық Керала кинофестивалінің «Әлемдік кино» бағдарламасы шеңберінде көрсетіледі.
11.03.2022
-
Мемлекет басшысы отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жағдайымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев елордада брондалған дөңгелекті техника шығаратын және жаңартатын «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытын аралап көрді.
10.03.2022
-
Елімізде тізе буынының шеміршегіне бірегей ота жасалды. ФОТОРЕПОРТАЖ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордадағы академия Н. Батпенов атындағы Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығында отандық ғалым әзірлеген бірегей гидрогельді қолдана отырып, ота жасалды.
10.03.2022
-
Жылы үйлерге арналған пенопласт қалай өндіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шахтинск қаласында құрылысшыларды пенопластпен қамтамасыз ететін кәсіпорын жұмыс істейді.
10.03.2022
-
Мәсімов ісі. Жаңа деректер пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу және лауазымдық міндеттерін асыра пайдалану күдігі бойынша Мәсімов пен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істі жалғастыруда.
10.03.2022
-
Сотталғандар үшін тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 мекемесінің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен сотталған азаматтар мен азаматшалар облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасады. Бұл туралы облыстық ҚАЖД баспасөз қызметі хабарлады.
10.03.2022
-
Бітімгершілік дайындық орталығының оқытушыларына сертификаттар табыс етілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Қорғаныс министрлігінің Бітімгершілік дайындық орталығының оқытушыларына арналған тіл үйрету курсы аяқталды. Ол британдық «Бітімгерлерге арналған ағылшын тілі» жобасы аясында өткізілді.
09.03.2022
-
Асыл тұлғалардан шабыт ал
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еуропалық Одақтың қолдауын тапқан «Асыл тұлғалардан шабыт ал» атты жоба авторларының бірі Сабина Абатова жобаның маңыздылығы туралы хабарлады.
09.03.2022
-
Әлем әйелдері. Елордада ерекше көрме өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған көрме ашылды.
09.03.2022
-
Қазақстандық ғалымдар «мыңжылдық есептерді» шешудің бірегей технологиясын ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірегей ғылыми әзірлеменің таныстырылымы EXPO 2020 Dubai көрмесі аясында өтті. Әзірлеушілер алгоритмнің тиімділігін COVID-19 індетін анықтау есебінің мысалында тексерді.
09.03.2022
-
Қорғаныс министрлігінің әскери оркестрі сауда орталығында концерт қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қорғаныс министрлігінің әскери оркестрі елорданың сауда орталығында концерт қойып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
08.03.2022
-
Жастар қала тазалығына жауапты әйелдерді мерекемен құттықтады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері облыс орталығының тазалығына жауапты әйелдерді халықаралық мерекемен құттықтады. Жылы лебіздерін білдіріп қана қоймай, қала тазалығана жауапты әйелдердің орнына жұмыс істеді.
08.03.2022
-
Әскери-тарихи мұражайында «Соғыстағы әйелдер» көрмесі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған экспозиция Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылу үстінде. Оның негізгі мақсаты – сұрапыл соғыс жылдарында ерлік көрсеткен қазақстандық арулар туралы сыр шерту.
08.03.2022
-
Елордада «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концерт өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда қалалық әкімшіліктің ұйымдастыруымен 8 наурыз мерекесіне арналған «Әлемнің жарығы» атты концерт өтті.
07.03.2022
-
Ерлігі ерлермен тең нәзік жандар
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысында Отан алдындағы әскери қызметін ерлермен бірге 50-ге жуық нәзік жан адал атқарып жүр. Олар отбасы мен жұмысты қатар алып, елдің игілігіне қызмет етіп, шаңырағының түтінін түзу ұшырып келеді.
06.03.2022
-
8 наурыз. Волейболдан БАҚ өкілдері арасындағы турнирде BAQ.KZ жүлделі орынға ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада волейболдан БАҚ өкілдерінің қыздар командалары арасында «МИИР PRESS CUP» турнирі өтті.
06.03.2022
-
Көкшетауда сұранысқа ие мамандықтар оқытылады
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Еліміз бойынша үздік оқу орындарының бірі саналатын Көкшетау жоғары техникалық колледжі еңбек нарығының сұранысына сай мамандар даярлауда. Оқу орнының директоры Ақнұр Еслямова білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар туралы айтып берді.
06.03.2022
-
Балқашта алғаш рет су құбыры желілерін ауыстыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқаштықтар Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің халықпен есептік кездесуінде жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайына шағымданды. Олар шұңқырларға және қырлы тастардың сапасыз төселгеніне наразы.
05.03.2022
-
Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
04.03.2022