Жаңалықтар
-
Павлодардағы Nur Otan партиясының кезектен тыс конференциясында әлеуметтік жобалар талқыланды
Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Nur Otan партиясының төрағасы Н. Ә. Назарбаевтың партияның кезекті съезінде берген тапсырмаларын іске асыру барысы облыста өткен кезектен тыс конференцияда талқыланды.
17.04.2019
-
Үш қызды жәбірлеген өгей шешеге шектеу шаралары қарастырылады
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Кешеден бері әлеуметтік желілерді кәмелет жасына толмаған үш қыздың өгей шешесі жәбірлеп келгені туралы материал шарлап кетті. Бүгін осы оқиғаға байланысты Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты өтті.
17.04.2019
-
Азия чемпионаты. Жерлестеріміз Ауғанстанды айқын басымдықпен ұтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының бастамасымен 2019 жылды Қазақстандағы Жастар жылы деп жариялаған болатын. Осы жылға орай ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы Жастар арасында І Азия чемпионатын ұйымдастырып жатыр.
17.04.2019
-
Ертіс өңірінің 10 шаруашылығы қант қызылшасын өсірмек
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің 10 шаруа қожалығы биылғы жылы алғаш рет қант қызылшасының сұрыптарын жергілікті климатқа бейімдеп, сынақ жүзінде өсірмек.
17.04.2019
-
Жас ғалымдар өсімдік майынан биоотын алудың жолын тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Жаратылыстану факультетінің студенттері өсімдік майынан биоотын алудың тиімді жолдарын ойлап тапты. Бұл туралы оқу орнының Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі хабарлады.
17.04.2019
-
Азия чемпионаты. Тартыссыз келген жеңіс
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Талғар ауданы, Панфилов ауылындағы «Байсерке» атшабарында өтіп жатқан Жастар арасындағы І Азия чемпионатында Б тобы бойынша келесі кезек Ресей мен Тәжікстан құрамасы арасында өтуі керек еді.
17.04.2019
-
Жүргізушілерді емес, ғарышкерлерді дайындап жатқан секілдісіздер – Нығматулин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Егер жүргізушінің кәулік мерзімінің өткеніне 2-3 күн болса медициналық тексерістен өтеді, ал уақытынан бұрын келгендер өтпейді. Бұл қалай? 10 жылдың ішінде адамның денсаулығы нашарламайды деп ойлайсыздар ма? Бұл жайында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысы кезінде ІІМ мен Денсаулық сақтау министрлігіне бағыттап айтты.
17.04.2019
-
Роналду 9 жылда алғаш рет Чемпиондар лигасының жартылай финалында ойнамайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың командасы, туриндік "Ювентус" 1/4 финалда Чемпиондар лигасынан шығып қалды, деп хабарлады Vesti.kz.
Роналду 9 жылда алғаш рет Чемпиондар лигасының жартылай финалында ойнамайды
17.04.2019
-
ҚР Қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сергей Коновалов ҚР Қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлады ҚР Премьер-министрдің баспасөз қызметі.
17.04.2019
-
Әбдіқалықова бастаған үкіметтік делегация жұмыс сапарын Алматы облысында жалғастырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған үкіметтік делегацияның Алматы облысына жұмыс сапары жалғасын тапты.
17.04.2019
-
Азия чемпионаты. Екінші күнді де Моңғолия құрамасы жеңіспен бастады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда байрағын көтерген Жастар арасындағы І Азия чемпионатының екінші күні де басталды.
17.04.2019
-
Түркістан облысында өгей ана балаларды жәбірлеп келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында ауыл мектебінің мұғалімдері оқушылардың денелерінде ісіктер мен ұрып-соғудың іздерін байқап, полиция қызметкерлерін шақырған, осыған сәйкес АІІБ-і тарапынан қылмыстық іс қозғалды.
17.04.2019
-
Димаш Құдайберген Мемлекет басшысының ықыласы үшін алғыс білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аты әлемге танылған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзіне қолдау көрсеткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді.
17.04.2019
-
Нұр-Сұлтанда 1,6 мыңнан астам ағаш отырғызылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экологиялық акцияға 100 мыңнан адам қатысады деп күтілуде. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
17.04.2019
-
Кәсіпкерді тіркеу 1 сағат ішінде жүзеге асырылатын болады – депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыйбайлас жемқорлықты болдырмау және ірі кәсіпкерлік субектілерін тіркеуді жылдамту қолға алынады. Кәсіпкерді тіркеу электрондық өтініш берілген кезден бастап 1 сағат ішінде жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Майра Айсина ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында айтты.
17.04.2019
-
Елордада кассаны тонамақ болған қарақшылар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда полицейлері ЖШС-ның кассасын тонамақ болған күдіктілерді ұстады, деп хабарлады Елорда Инфо.
17.04.2019
-
Астанада қалалық №2 ауруханада ашық есік күндері өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көпбейінді аурухананың есігі 17, 22 сәуірде және 6 мамырда ашық болады, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
17.04.2019
-
Каспий теңізінен 70 келіден астам бекіре тұқымдас балық тірідей құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осылайша, шекарашылар 18 миллионға жуық шығынның алдын алды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
17.04.2019
-
Бас прокуратура 15 мың мұғалімге қосымша үстемақы төленбегенін анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қадағалау актісі бойынша педагогтарға 176 млн теңгеден астам қаржы төленді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми сайтында хабарланды.
17.04.2019
-
«Баспана Хиттің» пайыздық мөлшерлемесі 10,75% дейін төмендетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлемелер 11%-дан 10,75%-ға дейін төмендетілді, деп хабарлады «Баспана» ипотекалық ұйымы.
17.04.2019