Жаңалықтар
-
Шымкентте «Құтты мекен» жобасы аясында 177 көпбалалы отбасына пәтер беріледі
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласында Nur Otan партиясының «Құтты мекен» жобасы аясында 6 513 пәтерлі 132 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күнге 540 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы дайын, мамыр айында беріледі. Оның ішінде 177-і пәтері көпбалалы аналарға беріледі. Нәтижесінде биыл 1368 әлеуметтік жағынан әлсіз санаттағы және жас отбасылар (342 пәтер) баспаналы болады
17.04.2019
-
Қазақстан мен Ұлыбританияның екіжақты ынтымақтастығының әлеуеті зор – Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка істері жөніндегі мемлекеттік министрі Алан Данканмен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайты хабарлады.
17.04.2019
-
Қазақстандық БАҚ өкілдері әдеп нормаларын ұстану хартиясына қол қойды қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордада бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары 2019 жылғы 9 маусымда өтетін кезектен тыс Президенттік сайлау науқанын ақпараттық жағынан қамтамасыз еткен кезде әдеп нормаларын ұстану туралы хартияға қол қойды. Назарларыңызға хартия мәтінін ұсынамыз.
17.04.2019
-
Әлеуметтік желіде Тоқаевтың атынан ашылған фейк аккаунттар көбейіп кетті
Алматы, BAQ.KZ. Соңғы кездері әртүрлі әлеуметтік желілерде Мемлекет басшының атынан ашылған фейк аккаунттар көбейіп кетті. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.
17.04.2019
-
ОСК: Эфир мен баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері мен шарттары
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.
17.04.2019
-
«Бақытты отбасы» жобасы бойынша Қарағанды облысында шаралар атқарылуда
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қарағанды облысындағы Nur Otan партиясының филиалында Балалардың құқығын қорғау бойынша республикалық кеңестің отырысы өтті. Жиында Елбасының бастамасымен қолға алынған «Бақытты отбасы» жобасының іске асырылу барысы талқыланды.
17.04.2019
-
Самұрық-Қазына: «Сарыарқа» газ құбыры уақытылы қолданысқа беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің Қызылорда облысына жасаған жұмыс сапары кезінде белгілі болғандай, «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы уақытында аяқталады.
17.04.2019
-
Көпбалалы отбасыларға 2% үстемемен ипотекалық несие беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Нұрлы жердің» жаңа бағыты бойынша аз қамтылған отбасылар жеңілдетілген ипотекалық несиені жылдық 2% үстемемен ала алады.
17.04.2019
-
Елордада велосипедшілерді жол ережелерін сақтауға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда қалада велосипед жолының жалпы ұзындығы 54 шақырымды құрайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
17.04.2019
-
Мысыр үкіметі Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіру үшін 181 млн фунт бөлді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мысыр Араб Республикасы (МАР) Парламентінде Қазақстанның елшісі Арман Исағалиевпен өткен кездесу барысында Уақыптар министрі Мұхтар Джумаа Каирдегі Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіру үшін Мысыр Үкіметі 181 млн фунт (яғни, 10,5 млн АҚШ доллары) бөлгенін жариялады.
17.04.2019
-
Елордалық көпбалалы аналар тұрғын үй беруді жеделдетуді сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов 80 көпбалалы анамен кездесті, деп хабарлады елорданың ресми сайты.
17.04.2019
-
Париж Құдай Ана соборын қайта қалпына келтіру үшін қажетті сома айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Париж Құдай Ана соборын қайта қалпына келтіруге шамамен миллиард доллар керек.
17.04.2019
-
Nur Otan партиясының ХІХ съезіне Шығыс Қазақстаннан 49 делегат қатысады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өтетін Nur Otan партиясының ХІХ съезіне Шығыс Қазақстаннан қатысатын 49 делегат сайланды. Бұл жөнінде бүгін Өскемен қаласында өткен Nur Otan партиясының ШҚОФ ХХІІІ партиялық конференциясы барысында белгілі болды.
17.04.2019
-
Соңғы 2 айда Қазақстан-Ресей тауар айналымы 2,2% өсті
Алматы, BAQ.KZ. Қаңтар-ақпан айларындағы екі ел арасындағы тауар айналым 2,2% өсті. Бұл жайында Ресейдегі ҚР елшілігі мәлім етті, деп жазды ҚазТАГ.
17.04.2019
-
Nur Otan бұл оқиғаны дереу назарға алды – Әшімбаев өгей ана ісіне қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында Түркістан облысындағы кәмелет жасына толмаған үш қызды өгей шешесі жәбірлеп келгені туралы оқиғаға қатысты пікірін білдірді.
17.04.2019
-
Конгода кеме аударылып, 20 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Киву көлінде ағаштан жасалған кеме аударылды. Оның ішінде жүзге жуық адам болған. Қазір 30-дан астам адам құтқарылды, 20 адам қаза тапты. Бұл туралы Синхуа агенттігі хабарлады.
17.04.2019
-
Елордада балабақшаға топтау мамырдың ортасынан басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық білім басқармасы 20 сәуірден бастап балаларды балабақшаға топтау кезеңінің басталатындығы жайлы мессенджерлер арқылы таралып жатқан ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
17.04.2019
-
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның оңтүстігіндегі белсенді фронтальды бөліктермен алдағы үш тәулікте жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр және найзағай күтіледі.
17.04.2019
-
«Ауыл – ел бесігі» жобасы: 10 ауылға 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Nur Otan партиясы Қостанай облыстық филиалының кезектен тыс ХХVІІ конференциясында белгілі болды.
17.04.2019
-
Ақтөбеде 18 ауылға көгілдір отын тартылады
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Nur Otan партиясының Ақтөбе облыстық филиалының кезектен тыс XXVIII конференциясы өтті. 180 делегат Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларының өңірде орындалуын талқылады.
17.04.2019