Жаңалықтар
-
#АрысБізБіргеміз. Павлодардан гуманитарлық көмек жөнелтіледі
Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің тұрғындары Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайда зардап шеккен азаматтардың жағдайына бейжай қараған жоқ.
25.06.2019
-
Елорда тұрғындарына жауап беретін байланыстың жаңа түрі қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала тұрғындарымен тығыз қарым-қатынаста болып, сұраныстарына уақытылы жауап беру үшін үшін байланыстың жаңа түрі іске қосылды. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Facebook парақшасында хабарлады, деп жазды astana.gov.kz.
25.06.2019
-
Арысқа көмектесуге санитарлық авиацияның 2 тікұшағы дайын - вице-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін денсаулық министрлігі барлығын істеп жатыр. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев айтты
25.06.2019
-
Кәсіпкерлікті несиелеуге микронесиелеу ұйымдары да қатысады – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Инвестициялық салықтық несиенің жаңа мехинизмі енгізіледі. Ол жаңа кәсіпкерлер мен компанияларға алғашқы жылы салық төлемеуге, тек несие алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов баспасөз мәжілісінде айтты.
25.06.2019
-
#АрысБізБіргеміз. «Азаматтық альянс» бір күндік жалақыларын аударды
Түркістан облысы, BАQ.KZ тілшісі. Түркістан облысы «Азаматтық альянс» Заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Жамалбек Шәріпбек Арыстағы төтенше жағдайға байланысты ұжымның атынан бір күндік жалақыларын қорға аударғанын айтты.
25.06.2019
-
Арыста жарылыс тоқтағанымен қауіп әлі де бар - вице-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласынан 97 шақырым қашықтықта орналасқан Арыс қаласындағы жарылыс тоқтағанымен, жарылыс қаупі әлі де сақталып отыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин айтты.
25.06.2019
-
Елордада «Еуразияның таза жағалауы» сенбілігі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 маусым күні елорда тұрғындарын «Еуразияның таза жағалауы» акциясы аясында қала көшелерін тазалауға шақырады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайты.
25.06.2019
-
АҚШ Қазақстанмен мығым әріптестікті бағалайды – Трамп
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасының президенті болып сайлануына орай, АҚШ президенті Дональд Трамптан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
25.06.2019
-
Жылына 530 мың отандасымызды жұмыспен қамтуымыз керек – Сапарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы базалық зейнетақының жаңа форматы енгізілген, соның арқасында бүгінгі күні орташа зейнетақы 85 785 теңгені құрауда. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты.
25.06.2019
-
Шымкент қаласындағы 15 эвакуациялық жинақтау пунктерінде жағдай бірқалыпты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көмекке мұқтаж азаматтарға азық-түлік, киім-кешек пен азық-түлік жеткізілген. Аталған орындарға Шымкент қаласы волонтерлық корпусының 500-еріктісі жұмылдырылған, деп хабарлады Жастар ресурстық орталығының "Қоғаммен байланыс және ақпараттық талдау" бөлімі.
25.06.2019
-
Асқар Жұмағалиев ірі корпорацияларды отандық стартаптар мен IT компанияларды қолдауға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев бүгінгі Үкімет отырысында ірі жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың 1% қаражатын ғылыми зерттеу жұмыстарымен қатар цифрлық жобаларға бағыттау бастамасын қолдауға шақырды.
25.06.2019
-
«Композитор» фильмі Шанхай кинофестивалінде 2 жүлдеге ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ХХІІ Шанхай халықаралық кинофестивалінде «Композитор» көркем фильмі 2 марапатқа лайық деп танылды, деп хабарлады "Қазақфильмнің" баспасөз қызметі.
25.06.2019
-
Арыстағы жарылыс. Қаладағы үш қару-жарақ қоймасының екеуіндегі өрт сөндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Арыстағы арнайы штабтан тікелей эфирде қосылған ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев хабарлады.
«Бүгінде қаладағы үш қойманың екеуіндегі өрт сөндірілді. Бір қойма әлі түтіндеп жатыр. Жарылыс қаупі сақталуда. Саперлер тобы түрлі аумақтарда жұмыс істеуде.
25.06.2019
-
Қорғаныс министрлігі Арыстағы әскери бөлімнен оқ-дәріні тасымалдап үлгермегенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Мұрат Бектанов Арыстағы әскери бөлімше қоймаларындағы оқ-дәрілер туралы айтты.
25.06.2019
-
Қорғаныс министрлігі Арыста қайтыс болған екінші адамның атын атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігі Арыс қаласында орын алған жарылыс салдарынан қаза болған әскери қызметшінің атын жариялады.
25.06.2019
-
Мамин президенттің сайлауалды қағидаттарын іске асыру үшін мемлекеттік органдарға тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асырудың нақты іс-қимыл жоспарын іске асыру барысы талқыланды
25.06.2019
-
Арыстағы жарылыс. Қалаға әзір қайтуға болмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Арыстағы арнайы штабтан тікелей эфирде қосылған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев хабарлады.
25.06.2019
-
#АрысБізБіргеміз. Қызылорда облысынан көмек жіберілді
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысы Арыс қаласының әскери бөлімінде орын алған төтенше оқиғаға байланысты Қызылорда облысы тарапынан арнайы автокеруен жасақталып, азық-түлік жіберілуде.
25.06.2019
-
Арыста ұялы байланыс проблемасы неден туындағаны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Арыс қаласында туындаған ұялы байланыс мәселесіне қатысты Үкімет кулуарында пікір білдірді.
25.06.2019
-
Арыстағы түлектер ҰБТ тапсырып үлгерді ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыс қаласында 779 түлек ҰБТ тапсыруға өтініш берген. 30 маусымға дейін жалғасатын байқау сынағына Арыс қаласының түлектері толықтай қатысып үлгере алды ма? Бұл сұраққа ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев жауап берді.
25.06.2019